Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЖОЛДАСЫҢЫЗ ЖҰМАҚҚА КІРГІЗЕТІНІН БІЛЕСІЗ БЕ?
20 қазан, 2016 жыл 1705 Басып шығару нұсқасы

Алла Тағала Құрани Кәрімде: «Достардың тақуаларынан басқалары сол күні (Қиямет күні) бір-біріне дұшпан болады» («Зухруф» сүресі, 67-аят). Мал-мүлік, дүние үшін немесе өз мүддесін ғана көздеп күнә жолында дос болғандар Қиямет күні бір-біріне дұшпан болады. Бір-бірінен ақысын даулап, бірін-бірі айыптайды бұған жоғарыдағы аят дәлел.

Ал, бір-бірін Алла жолында жақсы көріп, дос болғандардың сыйы ерекше! Мұхаммед (ﷺ): «Жұмаққа кіргендер, осы өмірде жақсылық жасаған достарын жұмақтан таба алмай Алладан: «О, Алла, бізбен бірге ораза ұстап, бізбен бірге дұға еткен жолдастырымыз бар еді, бірақ оларды көрмей тұрмыз» деп сұрайды. Сонда Жаратушы Алла: «Тозаққа барыңдар. Жүрегінде шаңның тозаңындай иманы бар достарыңды шақырып алыңдар» деп айтады» деген. Міне, қараңызшы, Алланың мейірімділігі сонша, істеген амалдармен тозақ отына түскен адамды жолдасының сұрауы бойынша жұмаққа кіргізеді. Ұғар жүрекке осы хадистен түйер ой көп. Яғни, әрбір пенде өзіне жолдас таңдарда оның дүниесіне, абыройына емес, сол адамның жүректегі иманына қарағаны абзал. Хасан аль-Басри (р.а.): «Өзіңізге жолдас етіп, жүрегінде иманы бар адамдарды ертіңіз. Олар Қиямет күні Сіз үшін жақтас болады» деген. Олай болса, сәждеге бас қойып, оразада ауыз бекіткенде, жұма сайын мешітке барарда өзіңізден теріс айналған достан, теріс айналғаныңыз абзал!

Алла Тағала: «Ал, жұртты (Мәдинаны) және иманды тұрақ еткендер (ансарлықтар) болса, өздеріне көшіп келгендерді жақсы көреді де, оларға берілген нәрселер үшін көңілдеріне дық сақтамайды. Тіпті, өздеріне таршылық болса да, оларды өздерінен артық көреді. Ал кімде-кім өзінің сараңдығынан сақтанса, солар – табысқа жеткендер», - деп ескертіп отыр («Хашр» сүресі, 9- аят).

Пайғамбарымыз (ﷺ) дос таңдауда қателеспеуге шақырады. Жақсымен жолдас болып, игілікке бейім болу әдетке, әдет мінезге айналады. Жақсы, көркем мінезді болу Алланың разылығын тудыратыны хадистерде келеді. Әбу Өурайрадан «р.а.) жеткен риуаятта Алла елшісі (ﷺ): «Әрбір адам жолдасының дінінде болады. Сондықтан де сендердің әрбірің кіммен жолдас екендігіне қарасын», - деген (Әбу Дәуіт).
Егер, жаныңда жүрген жақының жақсы сөз айтса, ол расында сіздің жанашырыңыз.  Бір кісі: «Уа, Расулалла! Жолдастардың ең жақсысы қандай?», - деп сұрағанданда, ПАйғамбар (ﷺ): «Ең жақсысы – егер атың аталса, саған болысып, ал егер ұмытылсаң есіне алатыны», - деген (Ибн Әбу Дуния). Екі жолдастың біріне имани сауат келсе, Алла екіншісін жарылқағаны. Сол адам арқылы, екінші пенденің көз, құлақ пердесін ашқаны деп ұғыну керек. Ибн аль- Қъаййим (р.а.) былай деген екен: «Бұл өмірдегі сынақтар көлеңке сияқты, бар болып кішкене сәттен соң жоғалып кетеді. Егер бұл өмір саған күлкі сыйласа, онда кішкене уақыттан соң жылатады! Егер сені бүгін қуантса, онда ертең мұңайтады! Егер саған пайдалануға бір зат берілсе, жақын арада сен одан айырыласың! Егер бір үй қуанышпен толса, оның артында қайғы жасырын тұр!». Енді мұқият зер салайық, дүниесі мол, сауаты аз, ойын-күлкімен ғана жүрген достан о дүниеде игілік болар ма? Бәрі Аллаға аян!

Қазақтың қара өлеңінде айтылғандай:

«Баспадым жардың шетін құлайма деп,

Ішпедім арықтан су лай ма деп,

Қорқамын дос болуға жаманменен,

Тар жерде ер-тоқымын сұрайма деп», - дегендей опық жегізетін достан емес, Абыз жырауларда суреттелген:

«Екі жігіт тең болса,

Ат жібермес арадан»;

«Жақсымен жолдас болсаңыз,

Айырылмасқа сер етер» әрбірімізге жүрегі иман нұрына толы дос нәсіп етсін Алла Тағала!

 

Айтқазин Рауан Төлеубекұлы

Балқаш қалалық орталық мешітінің наиб имамы

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары