Бір күні Пайғамбарымыз (ﷺ ) Айша анамыздың (р.а) қолынан күміс жүзіктерді көріп:
Айша анамыз (р.а) жауап қата алмай тұрып қалады. Өйткені аз мөлшердегі бұл жүзіктердің зекеті болмайтынын білетін. Сондай-ақ одан: «Мөрсіз бес күміс ақшадан аз нәрсенің зекеті берілмейді»1дегенді де естіген. Ал саусағындағы бұл жүзіктердің зекеті одан төмен еді. Дереу бойын жиып:
Жақындығын білдіріп, қасындағылардың да өзі секілді қарапайым өмір сүргенін қалаған Пайғамбарымыз (ﷺ ) өмірлік жолдасына:
Алла елшісі (ﷺ ) орта жолды ұстанатын. Дүние мен ақырет арасындағы теңдікті ең жақсы түсініп қабылдаған да күмәнсіз өзі болатын. Алла Тағала қолдағы мүмкіндіктермен әрдайым ақыретті ойлау керектігін ескертіп, мұны жасаған кезде дүниеден де нәсіпсіз қалмауды ескертетін. Алайда, адамның табиғатында тойымсыздық бар. Сондай-ақ, аяттың айтқанын ескеріп дүниеге басы бүтін беріліп, ақыреттен ада қалуға болмайды. Расулалла (ﷺ ) аналарымызға тақуалықтан таймауды ескертіп: «Адам баласының екі сай толы дүниесі болса, үшіншісін қалайды, оның көзін топырақтан басқа ештеңе тойдыра алмайды. Алайда, дүниедегі қажеттіліктер намазды дұрыс оқи білу және зекетті бере алу үшін керек-ақ. Күмәнсіз, тәубе еткендердің тәубесін Алла қабыл етеді»4, – дейтін.
Пікірлер