Тілдік нұсқа
Радио

мақала

АЛЛА ТАҒАЛА ҮШІН ЕҢ ҰНАМДЫ СӨЗДЕР
10 қараша, 2016 жыл 61155 Басып шығару нұсқасы

1. «Сендерге Алла Тағаланың қай сөзді  барлығынан артық көретінін айтайын ба? Ақиқатында, Алланың ең сүйікті сөзі: «Алла (кемшілік атаулыдан) пәк және Ол барлық мақтауларға лайық».

Оқылуы: Субхана-Ллахи уә би-хамди-хи!

2. «Кім бір күнде жүз мәрте «Алладан басқа ешбір тәңір жоқ: ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Мүлік Оған тән және Ол барлық мақтауға лайық. Сондай-ақ Оның күш- құдреті барлық нәрсеге толық жетеді», - десе, ол он құлды азат еткендей болады, оған жүз жақсылық жазылады және оның жүз күнәсі кешіріледі. Бұл оған сол күнгі шайтанға қорғаныш болады. Осы жағдай кешке дейін жалғасады. Бұны содан көбірек жасаған кісіден басқа ешкім ол келтіргеннен абзалырақ нәрсе келтіре алмайды.

Оқылуы: «Ләә иләәһә иллаллаһу уәхдәһу ләә шәрийкә ләһу ләһул мулку уә ләһул хәмду уә һуә ғәләә кулли шәйъин қодийр»

3. «Кім бір күнде жүз рет «Алла (кемшілік атаулыдан) пәк және Ол барлық мақтауларға лайық» десе, оның қателері тіпті теңіз көбігіндей көп болса да өшіріледі».

Оқылуы: «Субханаллаһи уә бихәмдиһи».

 4. «Алла пәк, Ол барлық мақтауға лайық. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Алла Ұлы – деп айту маған күннің нұры түсіп тұратын барлық нәрселерден де жағымдырақ (Имам Мүслім)».

Оқылуы:  «Субханаллаһи уәлхамду лил- ләһи уә лә иләһә илләл-лаһу уаллаһу әкбар».

 5. Пайғамбарымыз (ﷺ ): «Сөздер ішінде Алла Тағалаға ең сүйкімдісі төртеу: «Алла пәк, барлық мақтау Аллаға лайық, Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Алла Ұлы). Осылардың қайсысымен бастасаң да оқасы жоқ» - деген (Имам Мүслім).

Оқылуы:  «Субханаллаһи, уәлхамду лилләһи, уә лә иләһа илләллаһу, уаллаһу әкбәр».

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары