Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сіз көршіңізбен қандайсыз?
21 сәуір, 2021 жыл 841 Басып шығару нұсқасы

Халқымыз көршісіне ерекше құрмет көрсетіп, төріне отырғызған. Оның көңілін бағып, Құдайындай сыйлаған. «Көршің соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр» дейді қазақта. Ата-дәстүріміз ислам дінімен сабақтас болғандықтан, халқымыз көршілік міндетке ерекше мән берген.

«Үй сатып алма, көрші сатылп ал», деп жұртымыз оның маңыздылығына мән берген. Көршімен сыйластық- жалпы қоғамның карым-қатынасын қалыптсатыратындықтан,  ислам діні де көршілік құрметке үлкен мән береді. Алла елшісі Мұхаммед пайғамбарымыз () өзінің  бір хадисінде «Көршің жақсы десе, жақсы, жаман десе, жаман боласың» деген. Қазақта «Көршінің итін ұрғаның, өзін ұрғанмен тең» , «Көршіні Құдай қосады» деп, оның мәні мен маңызын ежелден-ақ түсінген.  Содан болса керек, ата-бабамыз өзге жерге қоныс аударар шағында көршісін ойлап, жаңа үй саларында алдымен көршісін таңдаған. Себебі, өмірдің ыстығы мен суығында қол ұшын беріп, жаныңнан табылатын да осы көршің болмақ. Басыңа үлкен іс түскен шақта да алыстағы туысыңнан бұрын  көршің келіп жәрдем береді. Осыған байланысты қазақ халқымыз «Жақсы көрші тапқаның, мол олжаға батқаның» деген. Ең жақын көршінің алыс көршіден өзге өзіндік ақысы бар. Бұл үкім Айша анамыздың (Алла оған разы болсын) сұрағынан алынады: «Уа, Алланың елшісі! Менің екі көршім бар. Қайсысына сыйлық беремін?—деп сұрадым. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Екеуінің ішіндегі есігі жақынына сыйлық бересің,—деді» (Бұхари, Ахмад).
Қандайда бір иман келтірген адам өзінің көршісіне зиян келтіруге болмайды. Алла Елшісі  Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Аллаға және Қиямет күніне иман келтірсе, көршісіне зиян тигізбесін»,—деген (Бұхари). Абдуллаһ ибн Масғудтан (Алла оған разы болсын): «Мен Пайғамбарымыздан()    «Алланың алдында күнәлардың ең үлкені қайсысы?»—деп сұрағанымда, ол: «Сені жаратқан Аллаға ортақ қосуың»,—деді. Мен: «Иә», ол үлкен күнә. Одан кейін ше?»—деп сұрадым. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Өзіңмен бірге тамақтануынан қорқып, балаңды өлтіруің»,—деді. «Одан кейін ше?»—деп сұрадым. Ол: «Көршіңнің әйелімен зинақорлыққа баруың»,—деді (Бұхари, Муслим). 
Сондықтан, көршіге ерекше құрмет көрсетіп, оған қиянат жасамау, қиындықта мүмкіндігінше қол ұшын беру  иман келтірген әрбір адамға міндет.  Себебі, көршілердің арасындағы шынайы мұсылмандық қарым-қатынас  Алланың разылығына жеткізер абзал іс екендігін жадымызда сақтағанымыз дұрыс болмақ.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары