Бір саудагердің «мен бақытсызбын» дей беретін ұлы бар екен. Саудагер бақыттың сыры неде екенін үйреніп келсін деп баласын бір данышпан кісіге жіберіпті. Жас жігіт данышпанның үйіне жеткенше шөл даламен 40 күн жүріп, соңында бір төбеге шыққан кезде алыстан зәулім сарай көріпті, данышпанның үйі сол үлкен сарай екен. Сарайға жеткеннен кейін данышпанмен кездескісі келетінін айтыпты. Қараса адам көп екен, жігіт кезеккке тұрып, өз кезегін күтіпті. Кезегі келіп, данышпанға жеткеннен кейін данышпаннан бақыттың сырын білгісі келетінін айтыпты. Данышпан оған қазір бақыттың сырын түсіндіретін уақыты жоқ екенін айтып, оған «сен қазір 2 сағаттай мына сарайды аралап шық, сосын келесің» депті. Кетерде қолына екі қасық беріп, ішіне май құйып беріпті. «Аралап жүрген кезде мына майды төгіп алма» депті. Жас жігіт қолына қасықтарды ұстап, баспалдақпен түсіп, сарайдың ішін, сыртын аралап кетіпті. 2 сағаттан кейін данышпанға келіпті.
Данышпан: Қалай, сарайды аларап шықтың ба?
Жігіт: Иә, жақсылап аралап шықтым, үлкен екен.
Данышпан: Үлкен бөлмедегі кілемдер әдемі екен бе? Суреттер қалай екен? Бағбанымның он жыл еңбектенген бақшасын, гүлдерді көрдің бе? Кітапханадағы кітаптарды қарадың ба?
Жігіт данышпанға оларды көрмегенін мойындапты, өйткені жүрген кезде қолында ұстаған қасықтағы майды төгіп алмау үшін үнемі соларды қарағанын айтыпты. Данышпан оған «Айналасын жақсы танымаған, білмеген адам, айналасындағы кереметтерді көре алмаған адам ешқашан бақыттың сырын түсіне алмайды» деп қолындағы қасықтарға қайтадан май құйып, «Бар, қайтадан аралап кел» депті. Жігіт бұл жолы асықпай, әр нәрсені мұқият қарап, аралап келіпті. Көргендерін данышпанға келіп баяндапты. Данышпан «жақсы, ал қасықтағы май қайда?» деп сұрапты. Жігіт қолына қараса, қасықтардағы май төгіліп қалған екен.
Сол кезде данышпан былай депті: «Дүниенің барлық кереметтерін тамашалап, оларды шын мағынасында көріп қана бақыттың сырын ұға аласың, бірақ қолыңдағы майды ұмытып қана...»
Пікірлер