Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ескі етік
09 ақпан, 2021 жыл 385 Басып шығару нұсқасы

Көрші Құсейіннің Садық деген ұлы бартын. Бір күні үйінен қатты дауыс естілді. Мұстафаның отбасы түгелдей сыртқа шығып, істің анығын білмек болды. Есігінің алдында Сара еңкілдеп жылап отыр екен. Қораның қасынан «Ұлым, кетпе! Тоқта!» деген дауыс естілді. Барлығы сол жаққа қарай бет алды. Барып қараса Құсейін ұлының етегінен жармасып, жолына бөгет болып тұр екен. Ал Садық болса: 
— Әке, сізге қанша айтамын. Етігімнің тозығы жетті. Жаңасын алып беріңіз, әйтпесе суға кетіп өлемін!- деп бопсалайды. Бірақ Құсейіннің күнделікті тапқан ақысы үйінің тамағынан ауыспайтын. Қарызға алайын десе, бережағы шаш етектен. Сорлы әке «Ұлым!» деуден аспай жылай береді. Анасының қасында міз бақпай тұрған Айша қалтасынан умаждалған газеттің қиындысын шығарып, Садықтың қолына ұстаты да: 
— Мына суретте Кувейттегі жетім қалған балалар бейнеленген. Олар бәтеңке тұрмақ, ішер астарын зорға тауып жүр. Аяқтарына не болса соны сүйреп жүре береді,- дейді. Қос жанары жасаураған әлжуаз бала «Әке, кешірші» деп мойына асыла кетеді. 
Кімде-кім барына қанағаттанбай, ата-анасының қалтасының жұқалығына қарамай жаңа аяқ киім кигім келеді деп қыңыр салмас бұрын, естеріңе мүгедек адамдарды алыңдар. Жерді басып жүрген сендер олардың қасында бақыттысыңдар! 
Авторы: Марат ҚАНИЕВ

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары