Бір бай кісімен кедей кісі көрші болыпты.Байда бала жоқ кемпірі екеуі ғана екен.Кедей күн көріс үшін байға жалданып қызмет етіпті.Күндердің күнінде, бай адам түн ортасында кедейдің үйінің жанынан өтіпті.Сөйтсе кедейдің рахаттанып күлген дауысы шығып жатыпты.Іші тар бай"бұл сорлы неге жетісіп күледі,кешке дейін титықтап жұмыс істейді,сондада күліп отырма"деп өтіп кетіпті.Азанда жұмысқа келген кедейді әбден жұмсапты.Байғұсқа тамақ ішуге мұрша бермей,діңкелетіпті.Ішінен "ал енді қалай күледі екенсің" деп ойлапты.Кешкісін бай ұрланып кедейдің үйіне келіпті.Жайлап тың тыңдаса кедей сорлының тағы рахаттанып күлген күлкі шығыпты.Ашуы келген бай"сен алі шаршамаған екенсің,мен саған ертең көрсетем"деп кетіпті.Кедейді күндегіден ерте тұрғызған бай күн батқанша ақ тер қылып жұмсапты.екі аяғынан зорға тұрған кедей үйіне әзер жетіпті.Түн ортасында бай кедейдің үйіне келіп тың тыңдапты.Кедейекең тағыда күліп жатыр дейді.Қайран қалған бай,таңертең жұмысқа келген кедейге ."Сен азаннан кешке дейін менің қол астымда жұмыс істейсің,киімің жыртық,үйің азынап тұр.ішерге асың жоқ,сөйте тұра түн ортасында неменеңе жетісіп күлесің"депті.Кедей байдың іші тарылып тұрғанын біліптіде, астарлап "е байеке менің бір сақам бар,соны біресе мен иірем,біресе әйелім иіреді ,соған күлеміз-,депті.Ертесіне бай алтыннан сақа құйдырып, бәйбішесі екеуі кезек кезек иіріпті.Бірақ ешкім күлмепті.Қайта қайта иірігенмен ешкімнің күлкісі келмепті.Бұның мәнісін кедейден сұрапты."Біз бәйбіше екеуміз алтын сақаны қанша иірсекте,ешкім күлмейді."-,неге депті бай.Сонда кедей"қап байеке сіз менің сөзімнің астарын түсінбеген екенсіз.Менің сақа дегенім :ұл балам бар еді,соны біресе кемпірім еркелетіп, біресе мен еркелететін едім.ұлымның шат күлкісін естігенде,бар жоқшылығым есімнен шығып демалып қалам-,байеке деген екен.
Пікірлер