Тілдік нұсқа
Радио

мақала

«Қайыршыны зекіме» (Құран Кəрім, Дұха сүресі, 10- аят)
24 тамыз, 2020 жыл 1086 Басып шығару нұсқасы

        Аллаға шүкір мұсылман болып дүниеге келіп, мұсылманшылыққа сай тәрбие көріп, бірнеше мұсылман елдерін аралаған болатынмын. Бірақ, қай елде болмайын, қайыршыға мұрын шүйіре қарап, жақын келсе жеркіп жіберетін әдетті көптің бойынан көріп, өзім де сол түсінікті ұстанатын едім. Бір күні АЛЛА жол салып, жердің арғы бөлігінде орналасқан Оңтүстік Африка мемлекетіне бардым, сол жерде бірнеше жыл білім алдым. Осы елдің мұсылмандарынан қайыршыға деген құрмет қоғамдағы қадірлі, мансапты адамға көрсетілетін құрметпен бір дәрежеде екенін көріп, қатты таң қалдым. Бұл не деген мінез-құлық деп аң-таң болдым. Кейін мен де оларға қабағымды түйіп, ала көзбен қараудан бас тарттым. Бірақ,бұл амалым жергілікті мұсылмандардың істегеніне ілесу ғана еді. Кейіннен Құран оқып, тәпсірге іліккен шағымда осы бір аяттың тәпсірінен Алланың бұйрығын көрдім. Сол уақытта осы аятқа бұл елдің мұсылмандары амал етіп, аxлағын (мінезін) көркем ұстайтынын аңғардым. Қайыршыға көркем бола білген мұсылман, басқаға да көркем бола білуі әрине сөзсіз. Құранды білген және оның үкімдеріне амал қылған адамды Пайғамбарымыз (ﷺ) жәннати деген. Айша анамыз (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) мінезі Құран еді дейтін. Өмірімізді Құран менен хадиске сәйкес етуге Аллам тауфиқ берсін.
Шайхул Ислам Хазрат Аллама Шабир Ахмад Османи өз тәпсірінде осы аятқа қатысты Пайғамбарымыздың (ﷺ) қайыршыға көрсеткен кеңпейілділігін ескере отырып, мұсылман адам қайыршыменен кездессе, қабағына қатаңдық ұялатпай, жадырап тіл қатсын, жағдайы жетсе қолын құр қайтармасын, болмаса әдемі сөзбен шығарып салсын деген. Жұмсақ жүректілік көрсетіп, көзіне күлімдеп қараудың өзі садақаның бір түрі екенін естен шығармайық, ағайын.

Айбек Омар, "Дін мен дәстүр" фейсбук парақшасынан

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары