Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Еврей бала қалай мұсылман болды?
03 қараша, 2020 жыл 794 Басып шығару нұсқасы

Бір күні пайғамбарымызға (ﷺ) қызмет етіп жүрген бір еврей бала ауырып қалады. Алла елшісі (ﷺ) қасына Әнәсті (р.а.) ертіп, әлгі баланың үйіне барады. Бала төсекте жатыр екен. Алла елшісі (ﷺ) оның жанына отырып: «Мұсылмандықты қабылдай қой», - дейді. Сонда бала әкесіне қарайды. Әкесі: «Әбул-Қасымға (Мұхамедке) бағынғаның жөн», - дейді. Бала осылайша мұсылмандықты қабылдайды (Әбу Дәууд, Жәнаиз, 6).

Мұхаммед пайғамбарымыздың (ﷺ) балаға деген мейірімділігі шексіз болған. Хазірет Әнәс (р.а.) былай дейді: «Бала-шағасына Пайғамбарымыздан артық мейірімді жанды көрмедім». Әрбір отбасындағы бала тәрбиесі, перзентке деген сүйіспеншіліктен басталады. Ата-ананың перзентіне деген мейірімі молайған сайын, оның тәлім-тәрбиесіне де дұрыс көңіл бөле бастайды. Кішкентай сәбиді құшарлана сүйіп, еркелеткеніміз секілді есейіп, ер жеткен балаларға да ерекше назар аударған жөн. Сонда баланың тәрбиесіне көшенің тәрбиесі араласпайды. Қазіргі таңда белең алып жатқан ата-анаға қарсы шығу, гомосексуалдық, суицид секілді психологиялық ауытқудан болатын дерттер көшеден келеді. Бұл мәселелер үйде береке болмауы себепті немесе ата-ананың бала тәрбиесіне назар салмауы нәтижесінен туындауы да мүмкін. Ал, әке мен ана перзентке рухани тәлім беріп, өздеріне дос ретінде жақын тартса, бала қажет дүниесін, білмеген сұрағын әке-шешеден сұрап, үйренеді. Перзент пен ата-ана арасында осылайша тығыз қарым-қатынас орнайды. Алла елшісі (ﷺ): «Балаларыңды көп сүйіңдер. Себебі сүйген сайын жаннатта бір дәреже беріледі. Әрбір дәреженің арақашықтығы бес жүз жыл. Періштелер әр сүйгендеріңді санап, жазып отырады» деген (Мүснаду Зәйд ибн Али, 505).

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыз біздің қасымызға келіп, ініме: «Уа, Әба Умаир, кішкентай құсыңның жағдайы қалай?» деп сұрап тұратын. Бір күні інімнің мұңайып тұрғанын көріп: «Не болды, неге мұңайып тұрсың?» деп сұрады. Інім құсының өліп қалғанын айтып еді, Пайғамбарымыз оны дереу жұбатты» (Әбу Дәууд). Осы оқиғадан балаға жылы шырай танытып, қуанса қуанышына ортақтасу, қайғырса жұбату қажеттігін байқаймыз. Жыласа үрсе-дүре қойып, қуанып күлсе, «ақырын, шулама!» деп аузын жаба қою баланы жалтақтыққа әкеп соғады. Жоғарыда пайғамбарымыздың (ﷺ) ауру баланы жылы сөзбен мұсылмандыққа алып келгенін көрдік. Олай болса, жүрек пен тілден шыққан жылы сөз оң нәтижеге жеткізері хақ. Жабирден (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі (ﷺ): «Өздеріңе, балаларыңа және қол астындағы қызметшілеріңе жамандық тілемеңдер. Сондай-ақ, өз мүліктеріңе жамандық қаламаңдар. Өйткені, Алланың дұғаларды қабыл ететін уақытына тура келіп және сол тілектер орындалып қалуы мүмкін» деген (Әбу Дәууд).      

Әрбір шаңырақта береке, бірлік орнап, еліміздің ертеңі болар бүгінгі балапандар ибалы да білімді болып өскей!

 

Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы

Күнгей мешітінің бас имамы

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары