Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ буындарға қатысты бірқатар хадистер айтқан. Тіпті, адам денесінде қанша буын болатындығын нақты білдірген. Бір қызығы, сол хадистерде көрсетілген буын сандарын қазіргі медицина дәлелдеп шықты.
Буын жайында айтқан Пайғамбарымыздың ﷺ хадистері мыналар:
«Әр адамның жаратылысында 360 буын бар. Олай болса, Алла Тағаланы ұлықтаса, мақтау айтса, лә иләһа иллаллаһ, сүбханаллаһ десе, Құдайдан кешірім тілесе, ел жүретін жолдан тас, тікен немесе сүйек секілді нәрселерді жол шетіне алып тастап отырса я болмаса жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйса, осы жасаған жақсылықтарының барлығы 360-қа жетсе, сол күннің кешіне дейін тозақ отынан қорғалады».
«Әр буын үшін адам күн сайын бір садақа борышты. Екі адам арасында әділ төрелік айту да – садақа, атына міну үшін біреуге көмектесу немесе қоржынын артысу да – садақа. Жақсы, ұнамды сөз айту да – садақа. Намазға бара жатқандағы әр адымы да – садақа. Адамға зияны тиетін нәрселерді жолдан алып тастау да – садақа».
Тағы бір хадисінде сәске уақытында оқылған екі рәкат намаздың да сондай шүкіршілікке жататындығы айтылған.
Бухари мен Мүслимде риуаят етілген осы үш хадис адамның анатомиялық тұлғасын ашумен қатар құлшылық пен сауаптың кең мағынасын да қамтиды.
“Имани гүл”кітабынан
Пікірлер