Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мына 6 нығыметтен мақрұм қалмаңыз
14 қаңтар, 2017 жыл 1123 Басып шығару нұсқасы
  1. Нығметтерге шүкір еткен адам нығметтердің артуынан мақұрым қалмайды. Өйткені, Алла Тағала «Ибраһим» сүресінің 7 аятында: «Егер шүкір етсеңдер, әлбетте нығметімді арттыра түсемін», – деп уәде береді.
  2. Басына келген бәлеге, сынаққа қарсы сабыр еткен адам сауаптан мақұрым қалмайды. Өйткені, Алла Тағала «Зүмәр» сүресінің 10-аятында: «Шын мәнінде төзімдік танытып, сабыр еткендерге сый-сияпатымыз есепсіз беріледі», – дейді.
  3. Күнәларына шынайы, ықыласты түрде тәубе еткен жан тәубесінің қабыл болуынан мақұрым қалмайды. Өйткені, «Шура» сүресінің 25-аятында: «Ол құлдарының тәубесін қабыл етеді де, күнәларын кешіреді», – делінген.
  4. Алладан кешірім, жарылқау тілеген адам кешіруден, жарылқаудан мақұрым қалмайды. Өйткені, Нұх сүресінің 10-аятында: «Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені, Ол өте жарылқаушы», – делінген.
  5. Дұға еткен адам дұғасына жауап алудан мақұрым қалмайды. Өйткені, Алла Тағала: «Ғафир» (Мү’мин) сүресінің 60-аятында: «Маған жалбарыныңдар! Тілектеріңді қабыл етемін», – дейді.
  6. Алла жолында садақа берген адам бергенінің қарымынан мақұрым қалмайды. Өйткені, Сәбә' сүресінің 39-аятында: «Алла жолында бір нәрсе жұмсасаңдар, Алла есесін береді. Ол, ризық берушілердің ең жақсысы», – делінген.

Әбу Ләйс Самарқандинің «Тәнбиһ ул-Ғафилин» кітабынан.

                    

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары