Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сенімге кім лайықты
10 қыркүйек, 2020 жыл 470 Басып шығару нұсқасы

Алла елшісінен (с.ғ.с) «Сенім келтіргендердің ішінде кім сенімге лайықты?»-деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ең жақсысы көркем мінездісі»-дейді. Содан кейін: «Бақытсыздық деген не?»-деп сұрағанда, ол: «Жаман мінез»-деп жауап берген екен.

 Алла елшісі (с.ғ.с): «Егер сіз өз мүлкіңізден Алланың құлдарына садақа таратып бере алмайтын болсаңыз, адамдарға жақсы қарым-қатынас жасап, көркем мінез танытыңыз»-деген.

Фудайл: «Егер адам көп жақсы іс істеп, үйдегі тауыққа дұрыс қарамаса, ол тақуа адамдардың қатарынан емес»-дейді.

 «Көркем мінез – бұл Алла Тағала берген барлық ырзыққа шүкірлік етіп, өзіңде бар азбен Аллаға құлшылық ету қабілеті».

 Шах әл-Кармани: «Басқаларға көркем мінезді қарым-қатынас жасау – оларға зиян келтіруден бас тарту және қиындық тудырмау»-деген.

Тақуа Уақаб: «Егер адам бір көркем қасиетті қырық күн бойы ұстанса Алла оған осы қасиетті мінез етіп береді»-деген.

«Көркем мінез – бұл жүрегіңнің бөлектенуі. Басқаша айтқанда адамдар арасында бола тұрып, жүрегіңді тек Алламен байланыстыру».

 «Көркем мінез – бұл адамдардың кез-келген дөрекілігін сабырмен қабылдау, сондай-ақ Алла Тағаланың қалауына еш қарсылықсыз бойұсыну».

«Жаман мінез өз иесінің жүрегін қысады, тар кеңістіктің бір адамды ғана сыйдырғаны сияқты, өзіне өз мақсатынан басқа ештеңені сыйғызбайды».

«Жаман мінездің белгісі – өзгелердің кемшілігін көру қабілеті».

 



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары