Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Аллаңа жағам десең...
08 қыркүйек, 2021 жыл 1266 Басып шығару нұсқасы

Жанқұтты шешен он жеті жасында әкесінің айтуымен Сарым елінің беделді биі Шабанбайға бата алуға келеді. Би Жанқұттының жайын сұрап білгеннен кейін:
– Шырағым, дүниеде не адал, әлемде не мықты? – деп сұрапты. Сонда Жанқұтты:
Адал болсаң судай бол,
Су арамды кетіреді.
Мықты болсаң жердей бол,
Жер жаһанды көтереді, – деген екен. Жауабына риза болған Шабанбай бала Жанқұттыны бірнеше күн қонақ етіп, кетерінде:
Аллаңа жағам десең – азанды бол,
Ағайынға жағам десең – қазанды бол,
Халқыңа жағам десең – әділ бол,
Судай таза бол,
Жердей берік бол,
Өмірің ұзақ болсын,
Аймағың суат болсын,
Сөзің халқыңа қуат болсын, – деп батасын беріп аттандырады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары