Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ең құнды ғибадат
08 қыркүйек, 2020 жыл 876 Басып шығару нұсқасы

Ғибадаттардың ішіндегі ең құндысы – намаз. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Намаз – Аллаһу та’аланың разы болған барлық амалдарының ішіндегі ең құндысы. Ризықтың берекесі. Дұғаның қабыл болуына себепші. Қабірде жарық. Сират көпірінен найзағайдай өткізуші. Жаннатта басыңа тәж. Иманның басы, көздің нұры және жаһаннамнан құтқарушы.» (Мифтах-ул-Жәннә)
«Жаннаттың кілті – намаз.» (Дарими)
«Ең құнды амал – уақытында оқылған намаз.» (Әбу Дауд)
«Тұр, намаз оқы! Намаз әлбетте шипа.» (И. Ахмед, И. Мажә)
«Намаздың парыз екендігін біліп, кемшіліксіз дұрыс оған адам жаннатқа кіреді.» (Хаким)
«Аллаһу та’ала былай деген: “намазын уақытында, дұрыс оқыған адамға азап бермеймін, ол адамды сұрақ-жауапқа тартпастан жаннатқа кіргіземін”.» (Хаким)
«Үмбетім бұзылған кезінде сүннетіме жабысқан (яғни әһли сүннет болған) және бес уақыт намазды жамағатпен оқыған адамның амал дәптеріне күн сайын жүз шәһидтің сауабы жазылады.» (И. Насируддин)
Ұлы ғалым Абдуллаһ Дәһләуи де былай дейді:
Барлық ғибадаттар намаздың ішінде жинақталған:

1- Құран кәрім оқу,

2- Тәсбих айту,

3- Расуллаллаһқа салауат айту (салли, бариктерді оқу),

4- Күнәларға истиғфар айту,

5- Мұқтаждықтарын жалғыз Аллаһу та’аладан сұрап, Оған шүкір етіп дұға ету (Фатиха оқу) намаздың ішінде. Одан басқа ғибадаттар да бар.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары