Шіліңгір шілденің аптап ыстық күндерінің бірінде бір хакім адам көлдің жағасында отырады. Сол кезде шөл қысқан бір ит су ішу үшін көлге жақындап келіп, тура суға тұмсығын жақындата бере қашып кетеді. Хакімнің әлгі иттің қылығына назары ауады. Сөйтсе, шөлдеген ит суға жақындай бергенде өзінің суға шағылысқан бейнесін көріп, үркіп қашып, су іше алмай жүр екен. Бұл жағдай бірнеше рет қайталанады. Хакім болса, әлгі иттің қылығын бақылап отырады. Сөйтіп жүргенде ит көлдің қабағынан тайып, суға түседі. Көлге түскен соң, толқыннан бейнесі көрінбей, ит те суды қана-қана ішіп шығып өз жайына кете барады.
Иттің осы халін көрген хакімге мынандай ой келеді: бір адамның қиялы мен істемек болған әрекеттерінінің арасындағы кедергі – көбіне өзінің қорқыныштары мен уайымдары. Егер адам баласы осы қорқыныштарын жеңе алатын болса, ол қалағанына қол жеткізе алады.
Артынан хакім адам тағы да аздап ойланып, негізінен үйренген дүниесі бұл емес деген қорытынды шығарады. Иттен негізгі үйренгені: адамның хакім де болса иттен де үйренетін дүниелерінің бар екендігі еді.
Пікірлер