Тілдік нұсқа
Радио

мақала

МЕШІТКЕ БАЛА ЕРТІП КЕЛУ ЖАЙЛЫ
30 желтоқсан, 2021 жыл 1145 Басып шығару нұсқасы

Шариғат бойынша, оң-солын ажыратып қалған баланы мешітке алып келу – құптарлық амал. Мешіт – баланың бойына имани тәрбиені ұялатады. Оның мінезқұлқына оң әсерін тигізеді. Бірақ, мешітке алып келмес бұрын балаға қоғамдық орын әдебі мен тәртібін үйрету қажет. Бала мешіттің мейірімділік және бауырмалдық мекені екенін сезініп өскені жөн. Ол мешітке деген сүйіспеншілікпен ер жету керек. Себебі, хадисте Алла Тағаланың мейіріміне бөленген жеті адамның ішінде: «... жүрегі мешітке байланған адам...[1]»,-деп көрсетілген.              Мешітке баланы алып келуге рұқсат етілгендігі жөнінде, Әбу Қатада әлАнсаридің (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) қызы Зейнептің қызы Үмаматты көтеріп намаз оқушы еді[2]»,-деген және сондай-ақ, Әнас (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Мен намазға кірісемін де, оны ұзақ оқығым келеді. Бірақ сәбидің жылаған даусын естіген кезде, намазды жеңіл оқып бітіремін. Өйткені, сәбидің жылағанынан анасы қатты мазасызданатынын білемін[3]»,-деген риуаятын дәлел етіп келтіруге болады.              Демек, бала намаз оқушылардың мазасын алмауы керек. Ең маңыздысы, намаз үстінде кедергі етпеуі тиіс. Адам ойы мен көңілін бір арнаға жинап, жан дүниесімен құлшылыққа берілу қажет. Бұл – ғибадаттың мәйегі. Ал, бала жылап намаз оқушылардың көңілін шалғытатын болса, мешітке алып келмеген дұрыс.            Сонымен бірге, мешітте шулап жүрген баланы «бұзықтықтан» тимақ болып қабақ шытып, қатты сөзбен үрейін ұшырудан сақ болыңыз. Себебі, үлкендердің мұндай әрекетінен бала қорқып қалу заңдылық. Және келеңсіздік тудырған баланың ата-анасына да дөрекілік көрсетпей, керісінше сыпайы да, жұмсақпен түсіндірген жөн.

[1] Бұхари [2] Бұхари, Муслим [3] Бұхари, Муслим

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары