Үйленуге уағдаласу некелесу деген сөз емес. Белгілі бір себептермен қыз да, жігіт те үйлену уәделерін бұзуларына құқылы. Ал, маңызды себеп болмаса, арадағы уәдені бұзбаған дұрыс екендігін де айта кету керек[1]. Сізге айтарымыз, әлгі жігітпен хабарласа алатын мүмкіндігіңіз болғандықтан, ең дұрысы хабарласып мәселенің анық-қанығын нақтылап алғаныңыз жөн. Өйткені, сөз байласқан жігітіңіз белгілі бір себептермен (ауырып ауруханаға түсіп т.б) сізбен байланыса алмай жатқан болуы да мүмкін! Ал, мүлдем із-түссіз кеткен жағдайда, жоғарыда айтқанымыздай, уағдаласу неке емес, некелесу уәдеңізді бұзуға құқылысыз.
Пікірлер