Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Уа, Мұхаммед қастерлім!
09 қазан, 2022 жыл 539 Басып шығару нұсқасы

Қолдаушымыз бір Алла,

Қорғаушымыз бір Алла.

Иландырған әлемді,

Көктен түскен Құранға.

 

Уа, Мұхаммед қастерлім,

Ниетімді хош көргің.

Мәуліт тойға осынау,

Келмеді әсте бос келгім.

 

Ғылым ектің далама,

Дін үйреттің балама.

Ізгілік пен білімнің,

Нұрын септің санама.

 

Пайғамбарым, шуақтым,

Надандықты құлаттың.

Адалдықты ту етіп,

Жылағанды уаттың.

 

Ақылменен көреген,

Салып кеткен өнегең.

Сабақ болып оқитын,

Миллиондар шөлдеген.

 

Топастықтан қалғитын,

Жақсылыққа баулитын.

Дуғаменен қуамыз,

Жын, шайтанды аңдитын.

 

Сізден мәңгі қалған із,

Меккедегі Қағбаңыз.

Қажылыққа жетелер,

Шүкірлік пен тәубәміз.

 

Бір Алланың елшісі,

Артық айтсам кешірші.

Бұзықтардың түсінбес,

Үнін мәңгі өшірші.

 

Әжуә етіп өзіңді,

Тауыстырған төзімді.

Бейбастықтар бүгінде,

Бақилыққа көз ілді.

 

Пайғамбарым сенімді,

Жаттап өстік тегіңді.

Шапағыңа бөлей бер,

Менің туған елімді.

 

Бақыт тілеп Алладан,

Шықпай сүннет арнадан.

Осы жырын қабыл ал,

Үмбетіңнің арнаған.

Ізгі ықылас-ниетпен:

Алланың құлы, Мұхаммедтің үмбеті

Мейрам  Мәзұлы Қарасатров. Ботақара кенті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары