Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЕР АДАМҒА БҰЛ НӘРСЕ ХАРАМ БОЛДЫ
09 ақпан, 2017 жыл 1719 Басып шығару нұсқасы

     Жалпы, әшекей бұйымдарды тағу көбіне әйел затына тән дүние. Сондықтан, дінімізде ер кісілерге әшекей бұйымдарын тағуға рұқсат жоқ. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің бір сөзінде «Мына екі зат (алтын мен жібек) үмметімнің еркектеріне харам, әйелдеріне халал»[1], – дей келе, ер кісілерге күмістен болса да әшекей бұйымдарын тағу дұрыс емес екендігін меңзеп тұр. Бірақ «күмістен жасалған сақина,[2] белдік және сабы күміс қылыш[3] ерлерге қолдануға болады» деген ғалымдарымыз[4]. Өйткені, бұлар хадисте рұқсат етілген дүниелер. Ал, бұлардан тыс алқа, білезік, сырға секілді әшекейлер көбіне әйел затына тән болғандықтан, ер кісілер ол заттардан бойын аулақ ұстағандары жөн. Хадисші әрі фиқһ ғылымының білгірі, Шафиғи мәзһабының Имамы ән-Нәуәуи (р.а.) бұл жайында былай дейді: Ер кісіге күмістен сақина тағу рұқсат етілген дүние, мұнда талас жоқ. Ал одан өзге: білезік, алқа сынды күмістен жасалған әшекей бұйымдарды тағу ғалымдардың басым көпшілігі бойынша тыйым салынады. Бірақ, әл-Мутәуәлли мен әл-Ғазали өздерінің пәтуаларында «болады, себебі күміске қатысты тек ыдыстар мен әйелдердің әшекейлерін тағып, әйелдерге ұқсау әрекеті ғана харам, қалған нәрселер халал» деген. Дегенмен, бұл мәселеде көпшілік ғалымдардың пікірі дұрыс. Олай болған себебі, білезік, алқа сияқты дүниелерді әйелдер тағады. Ал әйелдерге ұқсау – харам[5].

[1] Ибн Мәжә, Китабуль Либәс, №3595-хадис. [2] Сахих Бухари, «Китабуль либәс», №5528-хадис. [3] Тирмизи, «Китабуль Жихад», №1691-хадис. [4] Әл-Айни, әл-Биная – 11/125 бет. [5] Имам ән-Нәуәуи, Әл-Мәжмуғ Шархуль Муһаззаб, «Бәбү Сыффатиль Ә’иммә».

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары