Салтан САЙРАНҰЛЫ
Бір күні грек философы Сократқа біреу келіп:
- Досыңа қатысты не естігенімді білесің бе? - деп сұрайды. Сонда Сократ әлгінің сөзін бөліп:
- Тоқтай тұр. Маған бұны айтпастан бұрын саған бірнеше сұрақ қоюға рұқсат бер. Бұл «үш сүзгішті тест» деп аталады, - дейді.
- Үш сүзгішті дейсің бе?
- Иә, дәл солай, - деп сөзін әрі қарай жалғап, - Маған досым жайлы айтпастан бұрын айтатын сөзіңді сүзгіштен бір өткізіп алсақ деймін.
Бірінші сүзгіш «ақиқат сүзгіші» деп аталады. Маған айтпақ болған нәрсеңнің ақиқат екеніне сенімдімісің?
Енді екінші сүзгішке келсек, мұны «жақсылық сүзгіші» деп атаймыз. Досым жайлы маған айтпақ болған нәрсең жақсы дүние ме?
- Жоқ, керісінше...
- Демек маған жаман бір нәрсе айтпақшысың әрі оның ақиқат екеніне де сенімді емессің. Енді үшінші сүзгішке кезек берсек. Бұл сүзгіш «пайдалы сүзгіш» деп аталады. Маған досым жайлы айтпақ болған дүниең менің қандай да бір кәдеме жарай ма?
- Жоқ, еш пайдасы жоқ.
- Егер маған айтпақ болған сөзің ақиқатқа жанаспаса, жақсылықтан ұзақ болса, ешбір пайдама жарамаса, онда не үшін айтпақшысың? – деп, бұл сөзді естуден бас тартады.
Міне, Сократтың үлкен философ болуына да оның осы бір қасиеті себеп болса керек.
Бұл тест әсіресе біз – мұсылмандарға аса қажетті. Кейде өсек-аяңға, жел сөзге сеніп қалатын жаман қасиеттеріміз бар. Сол үшін әуелі айтылар сөзді сынақтан бір өткізіп алғанымыз жөн болар. Оның үстіне Қасиетті Кітабымыз Құран Кәрімда Аллаһ Тағала да: «Ей, мүминдер! Сендерге жексұрын біреу хабар әкелсе, оны анықтап, тексеріп алыңдар. Әйтпесе, істің анығын білмей, бір елге залал тигізіп, ертеңгі күні істегендеріңе өкініп қаласыңдар», - деп әмір етеді.
Пікірлер