Балаңызға есін білгеннен бастап Аллаға құлшылық қылудың маңызын түсіндіре бастаңыз. Себебі әр ата-ананың баласына ең бірінші үйретуі тиіс дүниесі осы болмақ.
Балаларға мейірімді болыңыз. Мейірім - мейірімділікке жол ашады. Егер сіз өз балаңызға мейірімділік танытсаңыз, бала да өзгелерге мейірімді болады.
Балаларыңызға мұсылмандар қатарынан шыққан тарихи тұлғалардың үлгісін үйретіңіз. Шетелдік заманауи ертегі кейіпкерлерінің орнына Алла елшісінің, оның сахабаларының өмір жолын таныстырыңыз. Ғибратты әңгімелер арқылы жақсы мен жаманды түсіндіріңіз.
Балалардың үлкендердің жанында отыруына рұқсат етіңіз. Әсіресе үлкендердің уағызын, салиқалы әңгімелерін баланың тыңдағаны абзал.
5. Балаға көп көңіл бөліңіз. Сіздің балаңыз үшін жасайтын үлкен ісіңіз – оларға барынша көңіл бөлу. Солайша бар мен жоқты, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны күнделікті тірлікте, бірге уақыт өткізген кездерде үйретесіз. Оларды бөгде адамдардың қоршауында қалдырмаңыз.
Балаларыңызды мақтаңыз. Ата-ананың мақтауы оларды жақсы істерге жетелейді. Бірақ мақтаудың да өлшемі бар екенін ұмытпаңыз. Сол сияқты, әр ісінің дұрыс-бұрысын түсіндіріп отырыңыз.
Ең бастысы балаларыңыз үшін әрдайым дұға қылыңыз. Сіздің балаларыңыз үшін жасайтын дұғаңыз олар үшін ең үлкен қорған. Сондай-ақ олар сіздің қалай намаз оқитыныңызды, қалай зікір еткеніңізді көріп өссін. Сонда олардан тақуа адам өсіру оңайырақ болады. Намаздың құндылығы жөнінде жиі айтыңыз. Жасынан намазхан ата-анасын көріп, олардың мейірімін сезіп, адамгершілігін, қайырымдылығын танып өскен бала саналы түрде тәрбие алады.
Пікірлер