Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ақыр заман келгені ме?!
20 наурыз, 2021 жыл 2997 Басып шығару нұсқасы

Майқы қартайып жетпіске ілінген кезде бір кереметті айтыпты. Көзін жұмып алып болашақты болжайтын ол, әдетіне басып көзін тарс жұмып алған екен. Ордадағылардың бәрі жым болыпты. Бір заматта көзін ашқан Майқы би жүрегі жаман болған адамдай, құсқысы келгендей түрі қашып кетіпті.Тіпті қасындағылар сасып, бірі қымыз, бірі су ұсынып әбігер болыпты. Майқы бәрінің қолын қағып-қағып жіберіп сөйлеп кетіпті.

– О, дүние, не болар сенің ақырың? – деп бастапты сөзін. Сонда Майқы би тұрып, "өзімізді-өзіміз қыратын заман болады екен, шығыстан келер сары сақал өз жұртымызға аз қорлық көрсетпейді екен. Талайдың қанын жүктейді екен. Елімізді енді мен үш жылдан кейін өлген соң, мың жеті жүз жыл кейін жүнбас шегір сарылар басқарар болар. Оларға жаркүшіктенер де өз тұқымымыз болады, басқындар бек тұқымын үш жүз жыл, Жан, Бал тұқымын екі жүз елу жыл, Ақ пен Бол тұқымын жүз жылдан аса билейді. Билеушілер осыдан екі мың жыл өткен соң іріп-шіри бастайды. Өздерін өздері құртады, қаратқан елін ол шаян болып шаққаны сияқты, түрі өзге бодан жүрттың һәммесі оларды жексұрын көретін болады. Бірақ еліміз олардың билік жүргізген кезінде қатты бүұылады", – деп барып, аяғын тағы тақпақтай кетіпті:

- Әлі заман өзгерер,

Өзгергенін көз көрер,

Мінгенің арба болар,

Бар құс қарға болар,

Жансыз арба ат болар,

Өз балаң өзіңе жат болар.

Темірден кұс болады,

Ұрпағымның көргені сүс болады,

Адам басы ауырып дақ шатылар,

Базарында сұйылып сүт сатылар.

Еркек билік тұл болар,

Сиыр пұл болар,

Еркек жасып ит болар,

Қатын тұлданып би болар.

Төсекке есеппен жатарсың,

Жыныс зарпын акшаға сатарсың.

Баққаның өсек болар,

Қатының өзіңе көз болар.

Тастан аяқ болар,

Балаң саяқ болар.

Сары судан ас шығар,

Балаң өзіңе қас шығар.

Жер тақыр болар,

Жұрт пақыр болар.

Осындай қилы заман болар.

Енді төрт мың жылда,

Дүние тәмәм болар.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары