Абдулла бин Омар (р.а.) әңгімелейді: "Алла елшісі: Ағаштардың ішінде жапырағы түспейтін бір ағаш бар. Ол қай ағаш?",-деді. Адамдар шөлдегі ағаштарды айта бастады. Мен іштей құрма ағашы болар,-деп ойладым, бірақ, айтуға ұялдым. Адамдар: "Уа, Алла елшісі! Ол қай ағаш айтыңызшы?",-дегенде, Пайғамбар (с.ғ.с.): "Ол - құрма ағашы",-деп айтты (Бұхари, Муслим).
Түйін: Құрма ағашы дауылға иілсе де сынбақ тұрмақ, жапырағы да түспейді. Иманы берік мұсылман да өмірдің дауыл іспетті сынағына белі иілсе де, жігері мұқалып, сағы сынбайды.
Пікірлер