Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жүкті әйел тұтынуға тиіс 3 тағам
23 қазан, 2020 жыл 1636 Басып шығару нұсқасы

Аяғы ауыр әйелдің дұрыс тамақтануы өте маңызды.  Себебі  құрсақтағы бала 9 ай, 9 күн бойы сіздің ішіп-жеген ас-суыңыздан нәр алады. Егер дұрыс тамақтанбай, нәрестеге қажетті дәруменді қабылдамасаңыз перзентіңіздің денсаулығы дімкәс болуы бек мүмкін. Мұндай олқылыққа жол бермеу үшін дәрігерлер жүкті әйел тұтынуға тиіс 3 азық-түлікті анықтады. Ресейлік ақ халатты абзал жандар аяғы ауыр келіншектер үшін ең бірінші орынға ақуызды шығарған. Ақуыз адамның ішкі органдары қызметін жақсартатындықтан, дәрігерлер болашақ аналарға күніне ақуызы мол азықтар, ет жеуге кеңес береді. Іште жатқан шарананың сүйегі жақсы қатаю үшін аналардың рационында кальцийге бай тағамдар болуы өте маңызды. Мамандар екі қабат әйел тұтынуға тиіс екінші ас деп  ірімшікті алға тартып отыр. Олардың пайымдауынша, болашақ ана күніне 150 грам ірімшік жеуі тиіс.  Ал үшінші тағам қандай екен деп ойланып отырған боларсыз? Ол қырыққабаттың бірі — брокколи.  Адам денсаулығына оның пайдасы өте зор. Брокколи ағзамыз аса қажетті аминқышқыл мен ақуызға бай. Бұл дәрумендер рак ауруының алдын алады. Брокколидің пайдасын ескерген дәрігерлер аяғы ауыр әйелдерге бұл азықты көптеп тұтынуға кеңес береді. Оның үстіне қырыққабаттың бұл түрі жүкті әйелдердің артық салмақ қоспауына ықпал етеді. Сондықтан оны мөлшелеріне қарамастан күнделікті жеп тұрыңыз. 

 Дереккөз: anabol.kz
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары