Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тозақтағы екі топ болады
22 ақпан, 2017 жыл 1328 Басып шығару нұсқасы

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай деген

«Бұрын-соңды көрмеген, дозақтық екі топ бар. Бірі – сиырдың құйрығына ұқсаған қамшымен адамдарды сабайтын топ. Екіншісі – үстерінде киімдері бар, бірақ жалаңаш, күнәға бейім әрі өзгелерді де күнәға шақыратын, бастары түйенің салбыраңқы өркешіне ұқсаған әйелдер. Міне, осы әйелдер жәннатқа кірмейді. Тіпті, мынанша ұзақтықтан сезілетін жәннәттің иісін де иіскемейді».[1]
Аталмыш хадисте «бастары түйенің салбыраңқы өркешіне ұқсайтын әйелдер» деген сөйлемге бірнеше түсініктеме берілген. Атап айтсақ: 
Шәлі, орамал немесе сол сияқты басқа да басты орауға жарайтын нәрселермен түйенің өркешіне ұқсатып әйелдердің бастарын орап биіктетулері. Бөгде еркектерге көз сүзетін, оларға қараудан тыйылмай, бөгде ер көргенде көзін тайдырып басын төмен салмайтын әйелдер. 
Шашын өріп, төбеге байлау арқылы түйенің өркешіне ұқсатып басының төбесіне жинақтау. Түйенің өркешіне ұқсатуындағы мақсат – өрілген шашты бастың төбесіне көтеріп, бұрымдарды жинақтап байлау. Бұрымдарын көбейткен сайын, бастың бір жағына салбыранқы боп тұрады. Құдды өркештің салбырауы секілді[2]. Хадистегі «Бухт» деген сөз, өркеші үлкен түйенің бір түрі. «Сәнәм» – түйенің өркеші. Әйелдер шаштарын безендіріп, сәндену мақсатында бұрымдарын бастың орталарына көтеріп қоятындықтарынан, олардың бастарын түйенің өркешіне ұқсатып отыр[3]. Кейде әйелдер шашын шүберекпен дүңкитіп орап алады. Хадистегі «түйенің өркешіне» ұқсатуының мәні де осында. Бұны – сырт көзге басындағы дүңкиіп тұрғанның бәрі шаш екен деп ойласын деген мақсатта жасайды. Осы айтылғандарды қорыта келе, мынадай тұжырымдарға қол жеткізуге болады:
Қазіргі қоғамымызда көп кездесетін жағдайдың бірі – қыздардың жартылай жалаңаштанып жүрулері, бұл олардың дозаққа түсулеріне бірден-бір себеп.Шариғат бойынша әйел баласының киімі әурет деп саналатын жерлерін жауып тұруымен қоса, дене мүшелері сыртқа теуіп тұратындай тар да болмауы тиіс. Жалпы алғанда, шариғаттың шеңберінен шықпай, хиджабты да жарасымды етіп сәндеп киюге рұқсат.Түйенің өркешіне ұқсатып, шашты төбеге буып-түймегені абзал. Хадисте дозақылық әйелдерді сипаттай келе, олардың әлгіндей шаш үлгісінде болғандықтары айтылған. Сондықтан, мұсылман әйел ондай шаш үлгісіне әуестенбегені жөн. Шашын шүйде тұсына бууына болады.

[1]Муслим – 2128.

[2]Шарху ән-Нәуәуи аля муслим, Китабуль Жәнна: «Бәбу фи шиддәти харри нәри жәһәннам», №2842 хадис.

[3]Фатхуль бари, Китабуль либас – №5589 хадис түсіндірмесі (Құртубидің сөзінен үзінді)

Абдусамат Қасым

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары