Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құлдың Алланың жағдайын сұрауы
28 қазан, 2020 жыл 899 Басып шығару нұсқасы

Әбу hурайра ( оған Алларазы болсын ) : « Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын ) былай дедi: « Қиямет күнi Азиз және Жәлил болған Алла былай дейді:
- Ей , адам баласы ! Мен ауырып қалғанда жағдайымды сұрамадың ! Құл:
- Уа , Жаратушым ! Сен әлемдердің Жаратушысы болғаныңда мен Сенің қалай жағдайыңды сұраймын? Жаратушы Тағала:
- Пәленше құлымның ауырғанын бiлмедiң бе? Бірақ сен оның халiн сұрамадың , білесің бе ? Егер оның көңілін сұрап барғаныңда қасында Менi табар едің ! Ұлы Алла:
- Ей , адам баласы ! Мен сеннен жейтін нәрсе сұрадым, бірақ сен Менi тойдырмадың ! Құл:
- Уа , Жаратушым ! Мен сенi қалай тойдырайын. Сен әлемдердің Жаратушысың ? Жаратушы Алла:
- Менің пәленше құлым сеннен жейтін нәрсе сұрады. Сен оны тойдырмадың . Сен оған жейтін ас бергеніңде Менi оның жанынан табатыныңды білмейсің бе ?
Алла Тағала :
- Ей , адам баласы ! Мен сеннен су сұрадым, алайда сен маған су бермедің ! Құл:
- Уа , Жаратушым ! Мен саған қалай су iшкiзе аламын ? Сен әлемдердің Жаратушысың ! - дейді. Жаратушы Тағала:
- Пәленше құлым сенен су сұрады. Сен су бермедің . Егер бергеніңде оны Менiң жанымда табатыныңды білмейсің бе ?.

Алла - мұңсыз. Яғни күллі дуние Оған мұқтаж, ал Ол ештеңеге мұқтаж емес. Бұл жерде Алланың қал - жағдайын сұрау , жеуі және су сұрауы ауыспалы мағынада. Адамдардың бiр - біріне жәрдемдесуін күшейту үшін айтылған. 
Науқастың көңіл - күйін сұрау — мұсылманның мұсылмандығы ақысы 
Науқастардың жағдайын сұрап бару ,аштарды тойдыру , шөлдегенге су беру - құлдың Алланы табуына , яғни Оның мейрiмiн табуына себеп болатын әдемі iс - әрекеттен.

(Мүслим ,43 (2569). Кутуби ситтә , )

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары