Тілдік нұсқа
Радио

мақала

«Тамаша! Бұл дүние ТАБЫС әкеледі!..»
02 наурыз, 2017 жыл 518 Басып шығару нұсқасы

     Туыстық қарым-қатынасты нығайтатын уақыт жетті. «Туыстың үйіне ақшаң болмаса кіре алмайтын заман болды» дейді кейіп үлкендер. Ащы болса да шындыққа жанасып жатқан бұл көрініс қазақ үшін жат болуы тиіс-ақ. Айша (р.а.) Алла елшісінің (ﷺ) былай деп айтқанын жеткізді: «Алланың Күрсісіне ілулі тұрған туыстық байланыстар былай дейді: «Алла бізді ұстанғандарға сауап береді де, бізді ұстанбағандарды Өзінен алыстатады» (Бухари, Муслим). Олай болса, Аллаға жақындататын амалдырдың бірі – туыстық қарым-қатынасты нығайту екен. Туыспен байланыста болу мұсылманды Жәннатқа кіргізетін амалдардың бірі болып табылады екен. Абу Айнуб Халид бин Зайд аль-Ансари (р.а.) былай деді: «Бірде бір адам Пайғамбарға (ﷺ) келіп: «Маған Жәннатқа кіруіме көмектесетін бір амал айтшы», – деді. Пайғамбар (ﷺ): «Аллаға құлшылық ет те Одан басқа ешкімге құлшылық етпе, намаз оқы, зекет төле және туысқандық қарым-қатынасты ұстан»,– деді (Бухари, Муслим).  

Біз сахабалардың өмірінен сабақ алуымыз қажет. Пайғамбарымыздың (ﷺ) көрсетіп кеткен жолымен әрекет қылған сахабалар әсте қателеспеген. Анас (р.а.): «Ансарлардың ішінде пальма ағаштарын ең көп иемденген Абу Тальха болатын, ал дүниелерінің ішіндегі оған ең қатты ұнайтыны мешіттің алдында орналасқан Байрақа (пальмалы тоғай) болатын. (Ол тоғайға) Алланың елшісі (ﷺ) таза суынан ішуге жиі келіп тұратын. Ал мына аят түскен кезде: «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар…» - Абу Тальха Алла елшісіне (ﷺ) келіп: «Иә Аллаһтың елшісі, Ұлы Алла Тағала: «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар…», - деді, – ал менің ең сүйікті нәрсем, ол Байрақа, сондықтан ол Алла жолындағы берген садақам болсын, ал мен болсам онымен жақсылыққа жетіп, о дүниеге дайындаған сауабым болсын деп үміттенемін», – деді. Бұған Аллаһтың елшісі (ﷺ): «Тамаша! Бұл дүние табыс әкеледі, әлбетте табыс әкеледі! Мен сенің айтқан сөздеріңді естідім, расында, мен оны туысқандарың мен жақындарыңа беруің керек деп ойлаймын», – деді. Осыдан кейін ол оны туысқандары мен әкесімен (не шешесімен) ағайындас ағасының баларына бөліп берді (Бухари, Муслим).  Ал, біз қай туысымызға көмек көрсетіп жатырмыз? Қашан шын ниетпен, ыстық ықыласпен көмек көрсеткенімізді еске түсіре аламыз ба? Бұның артында қандай берекелі сауап тұрғанын ұмытпаған жөн!

Ағайынмен аралас-құралас болуы қазақ үшін жат емес. Тек соны үзіп алмай, ары қарай жалғастырып, ұрпаққа өнеге ету керек. Сальман бин Әмір (р.а.) Алла елшісінің (ﷺ) былай деп айтқанын жеткізді: «Кедейге садақа беру ол тек қана садақа, ал туысқанға көмектесу ол екі нәрсе – садақа және туысқандық қарым-қатынасты ұстану»  (Ат-Тирмизи).

 

Төлтаев Ербол Мұқанұлы

Балқаш қаласы мешітінің бас имамы

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары