Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ешкім жоқ үйге кіргенде ұстанатын қағида бар...
06 наурыз, 2017 жыл 1032 Басып шығару нұсқасы

Үйге кіргенде ешкім жоқ болса да сәлем беру туралы дін ғалымдары аяттар мен хадистерге сүйеніп, бірнеше түсініктер берген. Құран кәрімде Алла Тағала: «Қашан үйлерге кірсеңдер, өздеріңе (Мұсылмандарға) Алла тарапынан көркем берекет тіршілігін тілеп, сәлем беріңдер!» деп айтқан («Нұр» сүресі, 61-аят). Науаи «Әл-Азхар» атты еңбегінде: «Үйге кіргенде үйде адамның бар-жоғына қарамай, Алланы еске алып «Бисмиллях» деу мустахаб. Өйткені, Алла: «Қашан үйлерге кірсеңдер, өздеріңе (Мұсылмандарға) Алла тарапынан көркем берекет тіршілігін тілеп, сәлем беріңдер!» деп айтқан» дегені келтіріледі. Әл-Хафиз осы аятты негізге ала отырып: «Бұл сұрақ көпшілікке сәлемдесудің маңызды екінін жеткізу мақсатында айтылған»,- дейді.  Кейбір ғалымдар, соның ішінде ибн Жарир: «Бұл аят бір-біріңе сәлем беріңдер» деген мағынада түсірілген» дейді. Бұл ойын «Ниса» сүресінің «...бір-біріңді өлтірмеңдер» деген аятымен қуаттайды. Яғни, адам бір-біріне сәлем беру арқылы Алладан амандық тілейді. Куртуби үйге кіргенде сәлемдесу турасында былай дейді: «Біз үшін бұл аятты үйге кіруші әрбір адамға қатысты айтылған бұйрық деп түсінген дұрыс болады. Егер үйге мұсылман кірсе, ол: «Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатуху» деу керек. Егер, үйде ешкім болмаса, ол жағдайда мына сөзді айтқаны дұрыс: «Ассаляму алейна уа аля ибадиллахи ссалихин». Ал, егер үйде басқа да біреу болып, бірақ ол мұсылман болмаса, онда: «Ассаляму ала ман итааба аль худа» немесе «Ассаляму алейна уа ала ибадиллахи ссалихин». Имам Бұхаридің риуаят етуі бойынша ибн Омар былай деген: «Ешкім мекендемейтін бос тұрған үйге кіргенде: «Ассаламу алейна уа аля ибадиллахи ссалихин» деп айту қажет. Ал ибн Кясирдің тәпсіріне сүйенсек, муджахид: «Мешітке кірерде: «Ассалам аля расулюллах» деп айтыңдар және өз үйлеріңе кіргенде отбасы мүшелеріне Алланың рақметін тілеп, сәлем беріңдер, ал ешкім жоқ үйге кіргенде: «Ассалам алейна уа ала ибадилахи ссалихин» деп айтқан дұрыс болады деген.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары