Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамдардың көбісі екі нығметтің қадірін біле бермейді, ол: денсаулық пен бос уақыт[1]», – дегендей мұсылман өз уақытын аса мұқият пайдаланғаны жөн. Сонымен бірге, өз уақытын дүниелік және ақыреттік пайдасы бар іспен өткізуді әдетке айналдырғаны дұрыс. Мұсылман ақыретте өткізген уақытының есебін береді. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Қиямет күні пенде қадамын көтермей жатып төрт нәрседен сұралады, жастық шағында немен айналысқаны, өмірін қалай өткізгендігі...[2]», – деп айтқан. Хадистен байқағанымыздай, пенде жалпылама өмірінен бір және оның ішінде жастық шағынан тағы бір сұралады.
Сондай-ақ, адам баласы жаны мен тәнінің де ақысы барын ұмытпау керек. Мұсылман ешбір күнә болмаған жолмен демалуға, ойын-сауық құруға шариғат тыйым салмайды. Алайда, белгілі бір талаптар да болуы тиіс, олар:
1.Ойыншылардың әурет жері жабық болуы;
2.Парыз құлшылықтан, ата-ана қызметінен және уақыты келген басқа да парыз амалға кедергі болмауы;
3.Ойыншылар мен тамашалаушылар бір жыныстан болуы. Ойыншы қыз-келіншектер болып, оны ер кісілер тамашалауы күнә;
4.Жанкүйерлер қызбалыққа салынып, тым беріліп қарсы топқа өшпенділік сезімде болмауы;
5.Тамашалау барысында дінге қайшы келетін сөздер айтылмауы;
6.Футбол және басқа да спорт түрлерін тамашалау құмарлыққа айналмауы қажет.
[1] Бұхари, Муслим
[2] Тирмизи
Пікірлер