Тілдік нұсқа
Радио

мақала

СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚҰРАННЫҢ АТАУЛАРЫ
15 наурыз, 2017 жыл 1272 Басып шығару нұсқасы

Хазіреті Мұхаммедке (с.ғ.с) түскен ақырғы қасиетті кітаптың «Құран» есімінен басқа да атаулары бар. Алайда «Құран» есімі солардың арасындағы ең көп қолданылған есім. Құранның басқа атаулары Құранда көп берілген. Бұлардың кейбірі есім болса, кейбірі сипаттары. Кейбір ғалымдар Құранның өзге есімдері тоқсанға жуық десе де, Зәркәшидің «әл-Бурхан» 1 кітабында Құранның елу бес есімі бар екендігін айтады. Біз бұлардың кейбірімен танысайық:

1. Әл-Китаб. Бұл сөз Құранда 230 мәрте кездеседі. «Міне, осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші» 2 .

2. Әл-Фурқан. Ақиқат пен жалғанды айырушы, бейбіт мағынасына саятын бұл сөз Құранда 6 мәрте кездеседі. «Күллі әлемге ескертуші болу үшін құлына Фурқанды түсірген Алла Тағала аса жоғары» 3 .

3. Нур, Мубин. «Расында, сендерге Алладан нұр және «мубин» ашық кітап келді» 4 .

Құранда бұдан басқа да атаулар бар: Кәләм, Һуда, Рахмәт, Шифа, Тәнзил, Уахи, Баян, Хақ, Адл, Бушра, Қасас, Азиз, Хикмәт, Хаблуллаһ, Рух, Муһәймин, Қайим, Зикр, Бәләғ т.б

1. Зәркәши, әл-Бурхан, 1.273 бет.

2. «Бақара» сүресі, 2 /2 .

3. «Фурқан» сүресі, 25/1.

4. «Мәида» сүресі, 5/15.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары