Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ақ шашыңды жұлма, себебі бар
24 наурыз, 2017 жыл 5081 Басып шығару нұсқасы

Қазақ халқы ежелден  шаштың арасында пайда болған ақ шашты жұлуды дұрыс көрмеген. Бұл жайында Пайғамбарымыздың бір хадисінде: «Хазіреті Пайғамбар мұрт, сақал және шаштағы  ақ қылдарды жұлуға тыйым салды», − делінген (Муснәд, VI, 20-б.).

Қайтыс болған адамдардың жамандықтарын сөз етпеу жайы. Бұл мәселеде ардақты Елші (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Өлген адамдарыңыздың жақсылықтарын еске алыңыздар, жамандықтарын айтудан қашыңыздар»,  − деп тыйым салған (Әбу Дәуд, Әдеп, 50.)

Қолды жерге тіреп отырмау, таянбау. Сахаба Шәрид ибн  Сууәйд: «Мен сол қолымды арқа жағыма алып, алақаныммен жерге тіреп отырған кезімде Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)  жаныма келіп: «Алла Тағаланың  лағнетіне ұшырағандардың  (яһудилердің) отырысындай етіп отырсың ба?», − дегені бар.  (Әбу Дәуд, Әдеп, 22.). Сондықтан үлкендеріміз жастарға үнемі «жерді таянба» – деп ескерту жасап отырған.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары