Тілдік нұсқа
Радио

мақала

«Ол қандай жаман сусын әрі қандай жаман орын!»
11 маусым, 2019 жыл 804 Басып шығару нұсқасы

Тозақ – Аллаға бойсұнбағандарға, мүшріктерге (пұтқа табынушыларға) және амалдарында, сенімдерінде екіжүзді болғандарға, кейбір мұсылман күнәһарларға әзірленген азап орын. Ол жерге Алланың қалауымен, Алланың әмірін орындамаған кейбір бірқұдайшылықты ұстанушылар да түседі. Онда қаншалықты күнә жасағандығына орай белгілі бір мерзімге дейін болады да, содан кейін мәңгілік тұрағы Жәннатқа кіргізіледі: «Алла Өзіне (біреудің) серік етілуін кешірмейді. Алайда бұдан басқаны қалағанына кешіреді. Кім Аллаға біреуді ортақ қылса, әлбетте, үлкен күнә істеген болады» («Ниса» сүресі, 48-аят).
Жәһаннамның жетінші жерде (жердің жетінші қабатында) орналасқанын Ибн Аббастан (Алла әкесі екеуіне разы болсын) жеткен хабар растайды. Жәһаннамда да бірінен соң бірі орналасқан қабаттар бар. Абдуррахман ибн Аслам: «Жәннаттың дәрежелері жоғары қарай көтерілсе, Жәһаннамның қабаттары төмен қарай түседі» деген. Оның ең төменгі қабаты екіжүзділерге арналған: «Шын мәнінде, мұнафиқтар Тозақтың ең төменгі қабатында болады» («Ниса» сүресі, 144-аят). Және Алла Тағала: «Тозақтың жеті қақпасы бар. Әр қақпа олардың бір бөлігіне арналады» дейді. («Хижр» сүресі, 44-аят). Пайғамбарымыз: «Сендердің оттарың Жәһаннам отының жетпістен бір бөлігі» деген. (Бұхари).
Әрбір мың адамның тоғыз жүз тоқсан тоғызы тозақы болатындығы мәлім етілген. Тозақ азабын тату үшін онда кәпірлердің денесі ұлғайып (үлкейіп), екі иығының арасы үш күндік жолдай, бір тісі Ухуд тауындай болады. Сол сияқты азапты тату үшін күйіп, жанып кеткен терісінің орнына басқа тері пайда болып, қайта-қайта азапталады. Олардың ішетіні ішекті үзетін қайнап тұрған су болса, тамағы зәққум ағашының жемістері (тікенектері), қан және ірің болады. Азаптың ең жеңілі – аяқтарының астынан жанған екі көмірден адамның милары қайнайды. Тозақтың түбі өте алыс, ішіне жаңа туылған нәресте тасталса, түбіне жетпістегі қария болып жетер еді. Тозақтың отыны кәпірлер мен тастар: ауасы сәмум (заһарлы жел), көлеңкесі ыстық қара түтін, киімі от болады. Ол ешбір нәрсені қалдырмай бәрін жалмайды, адамдар тасталған сайын долданып өкіреді, теріні күйдіргенде, от сүйек пен жүрекке жетеді: «Ақиқатында, Біз әділетсіздерге От әзірледік. Оның қорғандары оларды қоршап алады. Егер олар жәредем сұраса, оларға беттерді қуырып жіберетін балқыған мыс сияқты су беріледі. Ол қандай жаман сусын әрі қандай жаман орын» («Кәһф» сүресі, 29-аят).
Тозақ пен Жәннат қазіргі күнде бар, яғни, жаратылып қойған және мәңгілік қалады, өзі де, ондағылар да жойылмайды. Пайғамбарымыз хадисінде: «Алла Жәннат тұрғындарын Жәннатқа, ал Жәһаннам тұрғындарын Жәһаннамға кіргізеді. Содан соң жаршы ортаға тұрып: «Ей, Жәннат тұрғындары, енді өлім жоқ! Ей, Жәһаннам тұрғындары, енді өлім жоқ! Енді әрқайсың қай жерде болсаңдар, сонда қаласыңдар» деп айғайлайды» деген («Бұхари).

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары