Ислам діні әр салада орта жолды ұстанғанындай киім кию тұрғысынан да орта жолды көрсеткен. Құранда ар- найы шеңберден шықпай әрекет ету, тапқан байлығын ел-жұртқа көрсету үшін шашып төгуге жол бермеу насихатталған. Хазіреті Пайғамбар (аләйһис-саләту уәс-сәләм) да өмір бақи таза және қарапайым, әрі әсем киініп әрқашан орта жолды сақтаған. Ислам діні киім киюде оны таңдауда адамдардың еркіне маңызбен қарап тек кейбір тыйымдар ғана қойған. Сондықтан да діннің киінуге қатысты шекте- улері санаулы ғана болған. Осылардың бірі – жібек киімге қатысты тыйым. Аллаһ елшісі жібек киімді киюге әйелдерге ерік бер- генмен ерлер үшін шектеулер қойған. Адам баласы алтын, күміс, інжу-маржан, жібек секілді бағалы заттарға қатты қызыққандықтан Құранда жаннат өмірін суреттегенде
осы заттарды жиі айтқан. Мысалы, «Кәһф» сүресінде: «Міне бұлар үшін астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаттары бар. Олар онда алтыннан білезіктермен безенеді. Олар жұқа әрі қалың жасыл жібектен киім- дер киеді»,65 – деп жаннат әлемі суреттеліп айтылған. Ал бұл дүниеде жібек киімге қатысты тікелей айтылған Құранда аяттар жоқ. Хадистерде ерлерге қатысты кейбір тыйымдар қойған. Жібекке қатысты хадистердің біразынан мысал беріп айтуға болады. َ َ ا فَل ْن .1 ْي ُّ ي الدن َ ِ ف َ ْن لَِب َس ْ ال َحِرير َ َ فَق َ ال م َ َّلم َس ِه و ْ َ َلي صَّل هَُّ ى الل ع َ ِ ّ َِّبي َ ْن الن ع ِة َ ُ ِ ف آْ ي ال ِخر َ ه َس ْلب َ ي» Жібекті дүниеде киген ақыретте кие алмайды».66 2. Хұзайфа деген сахаба Мәайын деген бір жерде болған кезінде шөлдеп жергілікті халықтан су сұрайды. Сонда сол жердің лауазымды бір адам оған күміс ыдыспен су ұсынған кезде ол әлгі ыдыс- ты лақтырып жіберіп «Аллаһ елшісі (аләйһис-саләту уәс-сәләм): ُ َ ْال َحِرير ضُة و َّ َ ْالِف َ ُب و الذه َّ َ لم َّ َ َس ِه و ْ َ َلي ل هَُّ ى الل ع َّ ص َ ِ الل ُ ُول هَّ َس َق َ ال ر ِة َ ْ ِ ف آْي ال ِخر َ لَُكم َا و ْي ُّ ي الدن ْ ِ ف ُ م َ لَه َ ُ اج ِ هي الدِ يب ّ
«Алтын, күміс, жібек және «дибаж» бұл дүниеде олар үшін, ал ақыретте сендер үшін» – деп айтқан», – дейді67. 3. «Жібек пен алтын үмбетімнен әйелдерге– халал, ал еркектерге – харам»68. 4. Хазіреті Омар сатылғалы тұрған бір жібек киімді көріп, Пайғамбарға қарап: «Пайғамбарым! Мына киімді сатып алып, сізге арнайы қонақтар келгенде және жұма күндері кисеңіз» дейді. Аллаһ елшісі сонда: «Мұны тек нәсібі жоқ адамдарға ғана ки- еді», – дейді. Хазіреті Пайғамбар (аләйһис-саләту уәс- сәләм) осы оқиғадан біраз өткен соң Омарға жібек киім жібереді. Хазіреті Омар «Жібек киім туралы өткендегі сөзіңіз бар еді. Сөйте тұра маған мына жібекті жібердіңіз бе?» деп сұрағанда Аллаһ ел- шісі: «Мен мұны саған сатарсың не болмаса біреу- ге берерсің деп жібердім» 69деп жауап береді. 5. Кейбір деректе хазіреті Пайғамбар (аләйһис-саләту уәс- сәләм) Зухайр және Абдрахманға тері сырқатына байланысты жібек киім киюге рұқсат бергені ай- тылады70. Ислам ғұламалары да осы хадистерге байланысты жібек киім киюдің харамдығын алға тартқан. Ханафи мәзһабының үш үлкен имамы еркектер үшін соғыстан тыс жібек киім киюдің харамдығын айтады. Сондай- ақ, Ханафилерде жібекті жастық етіп жастануға бола- ды. Өйткені мұнда жібекке немқұрайлы қарау бар. Һәм Ханафилер бойынша соғыста да соғыстан тыс та жібек
араласқан киім киюді мүбаһ санаған. Бірақ жібек аз бо- луы керек. Аздық қашан да маңызсыз саналады. Басқа да ғалымдар Ханафилер секілді аздықты негізсіз санаған. Бұған мына екі хадисті дәлел етіп көрсетеді. «Аллаһ ел- шісі (аләйһис-саләту уәс-сәләм) еш нәрсе араласпаған таза жібектен жасалған киімге тыйым салды», Ибн Аббас: «Оның жібінің жібек болуына келсек ешбір әбестігі жоқ»,71 – дейді. Сонымен қатар кімде-кім жібек киім киіп намаз оқитын болса оның намазы дұрыс болады. Қайта оқудың қажеті жоқ. Сөз соңында, хадистерге қарап назар салғанда жібек киімнің харам болуының сыры оның аса бағалы мата бо- лып тәкаппарлануға себеп болып кедейлердің көңілдері қалуына жол ашқаны үшін тыйым салды деп түсінуге болады. Ақиқаты Аллаһқа аян.
«Кәһф» сүресі, 31 аят. Осыған қатысты басқа да сүрелердегі аяттар; «Хаж» сүресі, 23; «Фатыр» сүресі, 33; «Дұхан» сүресі, 53; «Инсан» сүресі, 12-31. «Кәһф» сүресі, 31 аят.
Осыған қатысты басқа да сүрелердегі аяттар; «Хаж» сүресі, 23; «Фатыр» сүресі, 33; «Дұхан» сүресі, 53; «Инсан» сүресі, 12-31. 66 Бухари, Либас, 25; Муслим, Либас, 2; Тирмизи, Әдәб, 1
Бухари, Либас, 25. 68 Бухари, Либас, 30. 69 Бухари, Либас, 25, 30. 70 Бухари, Либас, 29.
Пікірлер