Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) інжу-маржан сөздері
19 шілде, 2013 жыл 455 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) інжу-маржан сөздері«Қайда жүрсең де Алла тағаладан қорық! Егер әлде бір қате іс істесең, оны жуып-шаятын ізгілік жаса! Адамдармен әрдайым жақсы мінезбен қарым-қатынаста бол!»
«Иман келтірмейінше жұмаққа кірмейсіңдер! Ал бір-біріңді жақсы көрмейінше толық иман еткен болмайсыңдар. Ендеше сендерге бір-біріңді жақсы көруге себеп болар істі көрсетейін бе? Бір-бірлеріңе сәлем беріп, араларыңда тыныштық пен бейбітшілікті жайыңдар!»
«Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер. Сонда араларыңда сүйішпеншілік оянады».
«Шынайы мұсылман - өзгеге қолымен де, тілімен де зиян тигізбеген адам»
«Өздеріңе қалағанды, өзгеге де қаламайынша толық иманға жетпейсіңдер»
«Кімде-кім дүниені қаласа, Құранды басшылыққа алсын! Ал кімде-кім ақыретті қаласа, Құранды басшылыққа алсын! Ал кімде-кім дүниені әрі ақыретті қаласа, Құранды басшылыққа алсын!»
«Кімде-кім Аллаһ ризалығы үшін кішіпейіл болса, Аллаһ тағала оның дәрежесін көтеріп, зор қылады. Ал кімде-кім тәкаппарланса, Аллаһ тағала оның дәрежесін түсіріп, қор қылады».
«Шындықты ұстанған сенімді мұсылман саудагер - Қиямет күні шейіттермен бірге болады»
«Үлкендерімізге құрмет көрсетіп, кішілерімізге мейірімдік танытпаған адам бізден емес».
«Адамдардың көбі мына екі нығметтің: денсаулық пен бос уақыттың қадірін білмейді».

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары