Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Аптаның осы күндері ораза тұтыңыз
22 тамыз, 2019 жыл 3119 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кейбір уақыттарда ғибадатқа ерекше мән беретін. Айша анамыздан (р.а.) жеткен бір хадисте: «Алла елшісі дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстауға ерекше мән беретін» делінген. (Тирмизи, Саум, 44; Сиям, 36; Ибн Мажә, Сиям,42). Адамдардың амалдары Алла Тағалаға осы күндерде ұсынылатындықтан Пайғамбарымыз ораза ұстауға ерекше көңіл бөлген. Усама ибн Зәйд былайша әңгімелейді: «Мен Алла елшісінің дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстағанын көріп, оның себебін сұрағанымда: «Алла Тағалаға амалдар дүйсенбі-бейсенбі күндері ұсынылады. Жаратқанға амалдарымыздың ораза ұстаған кезде ұсынылғанын қалаймын», - деп жауап берді. (Тирмизи, Саум, 44; Нәсаи, Сиям,75).

Тағы басқа бір риуаятта дүйсенбі күнгі оразаның мән-жайы жайлы сұралғанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мен сол күні дүниеге келдім, сол күні маған пайғамбарлық міндеті берілді немесе уахи түсе бастады», - деп түсіндірген. ( Мүслим, Сиям, 197).

 

Ислам ғылымхалы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары