Имам Ахметтің Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізген риуаятында Алланың Елшісі (с.а.с.) ораза тұтушының ерекше қасиеттері жайында былай дейді: «Менің үмбетіме рамазан айында бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет берілді: 1. Ораза тұтушының аузының исі Алланың алдында хош иісті мисктен, сөзсіз, артық болады; 2. Ауыздарын ашқанша періштелер олар үшін Алладан истиғфар тілеп тұрады; 3. Алла Тағала рамазан айының әрбір күні жәннатын безендіріп оған: «Менің ізгі құлдарымның ауыртпалықтар мен тауқыметтерден тастап, саған кіретін күні жақын қалды», – дейді; 4. Бұл айда жындардың біразы шынжырланып, басқа айларда істейтін нәрселерін істей алмайды. 5. Ал соңғы түні болғанда олардың (мұсылмандардың) күнәлары кешіріледі». Сахабалар: «Уа, Расулалла! Ол түн Қадір түні ме?» – деп сұрағанда, Ол (с.а.с.): «Жоқ, жұмысшы да ісін толық бітірген соң өзінің сыйын алмаушы ма еді? Сол сияқты» – деген».
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Пікірлер