Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Кедейлік пен байлық шақыратын істер
26 тамыз, 2013 жыл 2961 Басып шығару нұсқасы
Кедейлік пен байлық шақыратын істерАбу Һурайра Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «кімде-кім Маған салауат айтуды тастаса жәннат жолынан адасады, себебі салауат айтқан адам жұмақтың жолында»-делінгенін жеткізеді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Тағдыр тек қана дұғаменен өзгереді, өмір тек қана жақсылықпенен ұзарады»- деп айтты. Мағынысы: егер Аллаһ тағаладан көп дұға тілейтін болсақ, тағдырымызды өзгертуге болады. Аллаһ тағала тағдырымызды өзгертеді екен. Ал егер жақсылық істейтін болсақ, өмірімізді ұзартуға болады.
Сахабаларымыз (р.а.) кейбір істердің бізге кедейлік шақырып, кейбір істердің ризық шақыратындығы турасында хабар берген.
Мысалға кедейлік шақыратын істерді алайық, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Адам баласы күнәлар істеу арқылы өз ризығынан махрум қалады» сол күнәлардың біріншісі: өтірік.
2.Таң намазының уақытында ұйықтау. Хабарларда : Қойлар сәресі және таң намазының уақытында ұйықтамайды екен, сондықтан оларда береке бар. Жылына бір қозыдан туса да, ауылдық жерлерде әрбір үйде жоқ дегенде 10 қойдан бар және де оның еті желінеді, ал итті алсақ, түні бойы ұйықтамай, сәресі мен таң намазының аралығында ұйықтайды, сондықтан берекесі жоқ, әрбір үйде бір-екі иттен ғана болады, төртеу-алтау-тоғыздан күшіктесе де, еті желінбейді.
3. Көп ұйықтау.
4. Жалаңаш тұрған халде дәрет сындыру.
5. Ғұсылсыз, яғни бой дәретсіз тамақ ішу.
6. Жанбастап жатып тамақ ішу.
7. Тамақты шашып жеу.
8. Пияздың қабығын жағу.
9. Бет орамалмен үй сыпыру.
10.Түнде үй сыпырып қоқысын жинамай қалдыру .
11.Жасы үлкен адамдардың алдына шығып жүру .
12.Ата-анасын аттарымен атап шақыру .
13.Тістерінің арасын ағашпен шұқу.
14.Қолдарын лай топырақпен жуу.
15.Есіктің табалдырығына отыру.
16.Есіктің жақтарына сүйену.
17.Әжетхананың ішінде дәрет алу.
18.Үстіндегі киімін тігу,
19.Бетіндегі дәреттен қалған суды киімімен сүрту.
20.Үйде өрмекшінің торы болу.
21.Намазды немқұрайлы оқу.
22. Таң намазынан кейін мешіттен асығып шығу.
23.Базарға ерте барып кеш қайту.
24.Пақыр адамнан нанның қалдығын сатып алу.
25.Сынық қаламсаппен жазу.
26.Сынық тарақпен шаш тарау.
27.Шамды үріп сөндіру.
28.Ата-анасына дұға қылмау.
29.Сәлдені отырып орау.
30.Шалбарды тұрып кию.
31.Жағдайы бола тұра, отбасының жағдайын жасамау.
32.Жалқаулық, әлсіздік, өзіне шариғатпен бұйырылған садақаларды бермеу.
Біз осы кедейлікке апаратын себептерден босағанда, ризық шақыратын себептерге кірістік. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқандай: «Ризықты садақамен іздеңдер» Сол себепті төмендегі келтірілген істер адамға ризық шақырады:
1.Таң сәріде тұру.
2. Әдемі жазу.
3.Жылы жүзбен қарау.
4.Сыпайы сөйлеу.
5.Есік алдын сыпыру.
6.Тамақ ішетін ыдыстарды жуу.
7.Намазды қорқынышпен оқу және уәжіп, сүннетерін, әдептерін сақтау.
8. Жатар уақытында Уақиға сүресін оқу.
9. Мүлік, муззаммил, Ләйл және нашрах сүрелерін оқу.
10.Азаннан бұрын мешітке кіру.
11.Әрдайым дәретпен жүру.
12.Үтір намазынан кейін дүние сөзін сөйлемеу.
13.Дүние-ақіретіне пайдасы жоқ сөздерді сөйлемеу.
14.Таң қылаң бергеннен бастап, намаз уақытына шейін «سبحا ن الله العظيم سبحا ن الله وبحمد ه واستغفرالله واتوب اليه»

осы сөзді 100 мәрте айту.
15. Зуха намазын өтеу.
Қадірменді жамағат! Осы жоғарыда келтірілген істер дүние-ақіретімізге пайда береді.

Араб тілінен аударғандар: Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары: Бекболат Зулжаладдинұлы, Дархан Асылтайұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары