Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Менің жүзімді 3 түрлі адам көрмейді:
1. Ата-анасын құрметтемеген адам;
2. Сүннетімді құрметтемеген адам;
3. Менің (с.ғ.с.) атымды естіп тұрып, салауат айтпаған адам».
Кейбір ғұламалардың айтуы бойынша Зүлхижжа айының алғашқы 10 күнін оразамен өткізсе, Алла Тағала ол адамға 10 түрлі жақсылық береді екен.
1. Өміріне береке кіргізеді.
2. Байлығын арттырады.
3. Туысқандарын жамандықтан қорғайды.
4. Күнәларын кешіреді.
5. Сауаптарын арттырады.
6. Өлім періштесіне жанын қорқытпай алдырады.
7. Қараңғы қабірін жарық қылады.
8. Мизан таразысындағы сауабын басым қылады.
9. Қиямет күнінің қорқынышынан аман қалдырады.
10. Дәрежесін көтереді.
Алла тағала жыл 12а йдың ішінен үш 10 күнді таңдап алған:
1. Рамазан айының соңғы 10 күні, себебі, оның ішінде Қадір түні бар.
2. Осы зүлхижжа айының 10 күні себебі: «Ибраһимнің (ғ.с.) түс көруі, арапа күні, тәлбия және қажылықтың басқа амалдары»
3. Мұхаррам айының 10 күні, себебі, онда Ашура күні бар.
Риуаяттарда: Алла тағала періштелерге мақтанып «Құлдарыма қарандар Менің үйіме әр тараптан келген және куә болыңдар, Мен олардың күнәләрін кешірдім»- дейді. Абдулла ибн Аббас (р.а.) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Алла тағаланың алдында ең жақсы амал, ол зүлхижжа айының 10 күнінде істелген амалдар»деді. Сонда Сахабалар (р.а.) жиһад қылудан да артық па?-деп сұрағанда, иә жиһадтан да артық, тек қана ол адам шейіт болмаса, ал егер ол адам шейіт болса онда жиһад артық деген екен.
Зүлхижжа айының 10күнінде басқа Пайғамбарлармен болған 10 оқиға:
1. Зүлхижжа айының бірінші күні Алла тағала Адамның (ғ.с.) қателігін кешірді. Кімде-кім осы күні ораза ұстаса, Алла тағала ол адамның барлық күнәсін кешіреді.
2. Екінші күні Алла тағала Юнустың (ғ.с.) дұғасын қабыл қылып, балықтың ішінен шығарған күн, сондықтан бұл күні ораза ұстаса, бір жыл құлшылық қылғандай сауап алады.
3. Үшінші күні Алла тағала Закарияның (ғ.с.) дұғасын қабыл қылған, сол себепті осы күні ораза ұстаса, дұғасы қабыл болады.
4. Төртінші күні Иса (ғ.с.) дүние келген күн, кімде-кім бұл күні ораза ұстаса, Алла тағала ол адамның басынан қиындықпен кедейлікті алады және қиямет күні игі-жақсылардың қатарынан табылады.
5. Бесінші күні Мұса (ғ.с.) дүниеге келген күн, кімде-кім осы күні ораза ұстаса, Алла тағала екі жүзділіктен сақтайды.
6. Алтыншы күні Алла тағала Пайғамбарымызға (с.ғ.с) жақсылық есіктерін ашқан және бұл күні кімде-кім орзамен өткізсе, Алла тағала ол адамды рахметіне алып, ешқашан азаптамайды.
7. Жетінші күні Алла тағала осы күні тозақ есіктерін жауып 10-шы зүлхижжаға дейін ашпайды екен. Кімде-кім осы күнде ораза ұстаса, Алла тағала ол адамға жамандықтың 30 есігін жауып, жақсылықтың 30 есігін ашады.
8. Сегізінші күні Ибраһимнің (ғ.с.) түс көру күні, кімде-кім осы күні ораза ұстаса, алған сауабын тек қана Алла тағала біледі.
9. Тоғызыншы күні арапа күні, кімде-кім арапа күні ораза ұстаса, өткен және болашақ күнәларына ұстаған оразасы каффарат болады.
10. Оныншы күні құрбан айт күні болады, бұл күні ораза ұстау харам болады, кімде-кім бұл күнде құрбан шалса, құрбанға шалынған малдың алғашқы сәтте шыққан қанның тамның тамшысымен, құрбан шалған адаммен және оның туысқандарының күнәсі кешіріледі, құрбанның етін мұсылмандарға пісіріп тағам ретінде берсе әлде садақа қылып таратса, ол адамды Алла тағала қиямет күннің қорқынышынан аман қылып таразыда сауабын Ухуд тауынан ауыр қылады, осы күні Пайғамбарымызға(с.ғ.с.) Құранның ақырғы аяты нәзіл болды. (Майда сүресінің 3-аяты)
Құрметті мұсылман қауым! Жоғарыда айтылған зүлхижжа айы 05.10.2013 жылы басталады. Алла тағала осы күндері әрбір жасаған ізгі амалдарымызды қабыл қылып қадамдарымызды сауаптан қылсын.
Араб тілінен аударғандар: Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары:
Бекболат Зүлжаладдинұлы, Дархан Асылтайұлы
Пікірлер