Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құрметті айлар мен күндер
08 қараша, 2013 жыл 580 Басып шығару нұсқасы

Құрметті айлар мен күндерШындығында Алла тағала алдында айлар саны 12, осылай 12-ге Алла тағала 7 қат аспанмен жерді жаратқаннан бастап бөліп қойған, оның 4-уі арам айлар, яғни бұл 4 айда соғысу, адам өлтіру тағыда адамның өміріне қауып беретін істердің бәрі харам етілген. 12 айдың 1-сі Мухаррам айы. Мухаррам деп аталу себебі арабтар сол баяғы қилы заманнан өздеріне осы айда соғысуды арам етіп қойған. 2-сі Сафар айы. Осы айда арабтар қатты қиыншылық көретін болған, жыл бойғы жинаған азықтары бітіп үйлерінде ішерге ас және зат қалмайтын. Бір құдықтың суы таусылса «сафара сиқо» дейтін болған. Осы айда қатты қиналғандықтан осы айды сафар деп атауларына түрткі болған. 3 ж/е 4 ай Рабиғул-әууәл мен Рәбиғул-әхир. Осы 2 айда арабтар мол пайдаға кенелетін болған, егер бір адам пайдада қалса «рабаға» дейтін болған. 5-ші ж/е 6-шы айлар Жумадил-әууәл ж/е Жумадил-әхир. Араб түбегі осы айларда түні күрт суытып су қататын кездеріде болған. «Жамада» сөзінің бір мағынасы қату дегенді білдіреді. Осы айларда су қатқаннан кейін бұл екі айды жамада деп аталуына себеп болды деген пікірлер бар. 7-ші ай ол Ережеп айы. Ережеп айын Ислам діні келмей тұрып жаһилиет дәуіріндеде арабтар қатты құрмет тұтып, бұл айда соғысу ж/е кек алуларын тоқтататын болған. 8-ші ай Шағбан. Шағбан деп аталу себебі бұл айда өзара бөлінбей, бөлінгендері қосылатын болған. 9-шы ай Рамазан. 12 ай жыл ішіндегі ен ыстық ай осы Рамазан болғандықтан осылай аталды деген. Бір зат қатты ысыса арабтар «рамазо» дейді. 10-шы Шәууәл. Бір зат көтерілсе немесе кетсе «Шәәлә» делінеді араб тілінде. Адамдардың осы айда күнәләрі кететін болғандықтан осы атпен аталынған. 11-ші Зүлқағда. Мағынасы отыру дегенді білдіреді. Бұл айда қажылыққа келе бастаған адамдардан көп пайда көрген арабтар ризықтың көптігінен отырып қалатын болған. 12-ші ай қажылық айы, яғни Зүлхижжа. Зүлхижжа аталу себебі әр адамға айтпасада түсінікті, бұл айда Исламға дейінде арабтар қажылық өтейтін болған.
Ал енді ұлық күндерді алатын болсақ:
1. Арафа күні. (Зүлхижжа айының 9-шы күні)
2. Ашура күні (Мұхаррам айының 10-шы күні)
3. Миғраж түні (Ережеп айының 27-түні)
Абу-һуройра(р.ғ.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде «Кімде-кім осы күнді, яғни ережеп айының 17 жұлдызын оразамен өткізсе, 60 ай оразаның сауабын алады» деп жеткізген.
4. Рамазан айының 17-сі (Бадр соғысы болған күн)
5. Шағбан айының 15-сі
6. Жұма күндері
7. Екі айт күндері
8. Зүлхижжа айының алғашқы 10 күні
9. Ташриқ күндері
Бұрын өткен ғұламалар айтқан екен «Кімде-кім осы дүниедегі 5 күнді пайдаланса ол адамда қияметтің қорқынышы болмайды, олар 2 айт, жұма, арафа ж/е ашура».
Апта ішіндегі қайырлы күндер дүйсенбі мен бейсенбі, осы күндері адам баласының істеген амалдары Алла тағала тарапына көтеріледі.
Ендігі жерде абзал уақыттар турасында келтіреміз:
1. Таһажжуд уақыты.
2. Жұма күнінде бір сағат бар, сол сағатта дұға қылу.(Алла тағала сол уақытты жұманың ішінде жасырған, сол себепті біз үшін Жұманың әрбір уақыты қымбат)
Қадірменді Мұсылман қауым! Біздің ақидамызда қасиетті айлар және күндер, уақыттар және қасиетті жер деген ұғым бар. Сол себепті қасиетті айлар мен күндерде және оның ішіндегі уақыттарды, сондай-ақ қасиетті жерлерімізді құрметтеп, қадірлейік және сауап болады деген ізгі-амалдарды орындасақ нұр үстіне нұр болады.


Арапшадан аударғандар: Бекболат Зүлжаладдинұлы, Дархан Асылтайұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары