Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Аюб (ғ.с) пайғамбардың сабыры
20 қараша, 2013 жыл 3413 Басып шығару нұсқасы

Аюп пайғамбардың сабырыҚиссаларда Аюб (ғ.с.) пайғамбардың әкесі Ғис оның әкесі Ысқақ Римдіктерден еді ал, анасы Лут(ғ.с.) пайғамбардың қызы болған. Аюб пайғамбар(ғ.с.) өз заманының ақылды, кемеңгер, үлкен хикмет және көркем мінез иесі болған. Әкесі өте бай адам болады, әкесі дүниеден өткен соң, әкесіне біткен байлық баласы Аюбқа (ғ.с.)қалады, сол кезде Шам төңірігінде Аюбтың(ғ.с.) байлығына тең келетін жан болмайды. Кәмелет жасқа толғанда Юсуфтың(ғ.с.) немересі Афрайымның қызы Рахматқа некелесіп, егіз баладан 24 бала сүйеді. Уақыт өте келе, Алла Тағала Хауран мен Тиһ еліне пайғамбар етіп жібереді, әке-шешесінің тектілігінен ешбір адам оның пайғамбарлығына қарсы шықпайды. Аюб(ғ.с.) жетім-жесірдің қамқоршысы болады, сондай-ақ өзінің байлығынан алам деген жанға шектеу қоймай жомарттық танытады. Аюб(ғ.с.) осы байлыққа мастанбай қайта Я Раббым! Осы байлықтың бәрі мұсылман баласына түрме болған дүниеде бергенің, ал біз Өзіңе қонақ болып барғандағы жәннәттағы берер ризығың қандай?-деп көптеген мадақпен шүкір айтады. Шайтан малғұн осыны көріп Аюб (ғ.с.) дүниемен ахиретті қатар ұстап жүр деп, қызғанышы оянады. Сол заманда шәйтан әліде 7-ші қат аспанға шығып қалаған жерінде тұра беретін болады. Бірде солай 7-ші қат аспанда тұрғанда Алла Тағала оған құлым Аюб (ғ.с.) қандай, одан айлаңды асыра алдыңба дейді. Сонда тұрып Шәйтан: Раббым оған Сен бәрін бердің содан ол құлшылық қылады егерде алсаң Сені ұмытар еді дегенде, Алла Тағала жауабына жоқ Аюбта (ғ.с.) дүние болмасада Маған құлшылығымен шүкіршілігін тастамайды дейді. Онда Я Раббым! Аюпты(ғ.с) маған беріңіз сонда көресіз Оның(ғ.с.) құлшылықпен шүкірді қалай ұмытқанын деп рұқсат алады. Жер бетіне қайтып келген малғұн қатты дауыстағанда жер бетінде қанша жын шәйтан болса барлығы жиналады, саған не болды деп, әскері жиналады Адамды(ғ.с.) жұмақтан шығарудағы мұрсат тағыда берілді, маған көмекке келіңдер деді. Енді сендер жиналып барып, Аюбтың(ғ.с.) мал-мүлкін түгел құртыңдар деп, өзі намаз оқып тұған Аюбқа(ғ.с.) барып, сенің дүние-мүлкің өртеніп кетті деп уасуаса қылады, намазын аяқтап болғаннан кейін Аюп(ғ.с.): Алла Тағала өзі берді және өзі алды деп, Аллаға сансыз шүкірлер айтады. Аюбтың(ғ.с.) бала-шағасы бір үйдің астында жиналып отырады себебі олар таңғы асты үлкен ағаларының үйінде ішетін еді, жын-шайтандар келіп әлгі үйді құлатып, Аюбтың(ғ.с.) бала-шағасын қырып салып, шәйтан намазда тұрған Аюпты(ғ.с.) бала-шағаң қырылды ал, сен болсаң намаз оқып жатырсың деп азғырады, сонда намаз оқып болған соң Аюб(ғ.с.): Алла өзі берді өзі алды деп шүкірлік етеді. Аюп(ғ.с.): Бәлкім Алла Тағала өзіне құлшылық қылсын деп, бала-шағамды алған шығар деп шәйтанға жауап береді. Сонда Шәйтан Аюптың (ғ.с.) берген жауабына ашуланып, теріс бұрылып кетеді. Сөйтіп күндердің бір күнінде Шәйтан намаз оқып тұрған Аюбтың(ғ.с.) ауыз-мұрынынан үрлегенде Аюптың(ғ.с) денесі ісіп, терлеп ауырлап өз бойын көтере алмай қалады. Осы жағдайды көрген әйелі Рахмат қырылған малмен қайтыс болған балаларының қайғысынан деп, күндіз оразасың, түнде құлшылықтасың деп ақылын айтады, уақыт өте келе Аюптың(ғ.с.) денесі іріңдеп және құрт шыға бастағанда айналасындағы адамдар теріс бұрылып, Рахматтан басқа екі әйелі талақ сұрайды. Рахмат жалғыз қалып күндіз түні Аюбты(ғ.с.) күтеді. Уақыт өте келе көрші әйелдер келіп Я Рахмат сен күйеуінді алып кет балаларымызға Аюбтың(ғ.с.) дерті жұғама деп қорқамыз дейді. Күйеуін шүберекке орап арқасына асып ауыл сыртындағы қоқыс төгетін жерге апарып жатқызғанда, ауыл тұрғындары ол жергеде келіп мына жерден кетпесендер иттерімізді қосып қуамыз дейді. Күйеуін қайтадан арқасына алып көрші ауылға келіп, ауылдан ұзақ жерде орналасқан бір бос үйге барып орналасады. Рахмат анамыз қолына ағаш ыдысың алып ауылға барып жарты нанға жалданып жұмыс істеп сол нанды Аюбқа(ғ.с.) тамақ қылып береді. Күндердің бір күнінде адамдар Рахматты Аюбтың(ғ.с.) әйелі екенін біліп жұмысқа алмай қояды. Сонда Рахмат анамыз Аллаға жылап дұға жасайды «Я Рабби! Ел мені қорласа да, Сен мені қорлама, ел өз үйлерінен қуса да, қияметте Сен мені өз үйіңнен қума» дейді. Содан ауылдағы нан пісіріп сауда қылып жүрген әйелге барып, күйеуім тамақ ішпегелі біраз уақыт болды деп қарызға нан сұрайды. Рахмат анамыз сұлу, шашы ұзын, жерге 12 бұрым болып төгіліп тұрады екен, сол шаштарың саудагер әйел кесіп беруін сұрайды. Шаштарын сатып 4 нан алып тұрып, Рахмат анамыз Я Алла! Осының бәрі күйеуіме бой ұсынып Өзіннің пайғамбарыңды тамақтандыру үшін деп Аюбқа(ғ.с.) келгенде, әйелі тәнін сатып нанды алдыма деген Аюпқа(ғ.с.) жаман ой келеді. Ойын білдірмей ант ішеді егерде дертімнен жазылсам 100 дүре соғамын деп. Рахмат анамыз әнгімесін айтып бергенде Аюб(ғ.с.) жылап, Я Робби! Айлам таусылды Пайғамбарынның әйелі шаштарын сатып мені тамақтандырып жатыр деп жылағанда, Рахмат анамыз жыламаныз шаштарым бұрынғысынанда әдемі болып өседі деп басу айтады. Денесінен түсіп қалған құрттарды Аюб(ғ.с.) қайтадан денесіне қойып Алла Тағала ризық қылған нәсібенді же деп отырған. Уақыт өте келе денесінен тек жүрегімен тілі қана қалады. Жүрегімен шүкір қылып, тілімен зікір етіп 18 жыл жатады. Бір күні Рахмат анамыз Аюбқа(ғ.с.) Я Алланың елшісі! Сіз неге дертіңізге дұға қылып шипа сұрамайсыз деп сұрағанда: Аюб(ғ.с.) былай дейді: Бүгін менің жасым 98-ге келдім осы жасымның 80жылын ауырмай сау-саламатта өткізіп, 18жылын ауырдым сол 18жыл ауруыма шипа сұрауға Алладан ұяламын дейді. Денесін жеп болған құрттар тілімен жүрегіне ауыз сала бастағанда Аюб (ғ.с.) Аллаға жылап дұға қылады: Я Алла шындығында маған бәле келді, Сен мейірімділердің рахымдысысың, жүрегіммен Сені еске алып, тіліммен Сені зікір етемін деп, Аллаға жылап дұға қылады. Алла тағала осы сынақты 70 пайғамбар сұрағанда Мен сені таңдадым уахи еткен. Сол кезде Алла тағала денесіндегі екі құрттың бірін суға түсіріп дәрі қылады, ал екіншісін жерге түсіріп ішінен бал ағып тұрған құрмаға айналдырады. Осы уақытта Жәбрәил(ғ.с.) періште қолында екі анары бар келіп жанына тұрғанда Аюб(ғ.с.) Алла Тағала мені есіне алдыма деп сұрайды. Әлбетте сені Алла Тағала есіне алып, мына екі анарды жеуге бұйырды, осы екі анарды жегеннен кейін Аюб(ғ.с.) ауруынан құлан таза айығады, кейін әуелгі дәулетті шағы яғни бала-шағасын барлығын Алла Тағала қайтарып береді.


Қадірменді мұсылман қауым! Осы қиссадан түйіндегеніміз ең үлкен сынақ Пайғамбарларға, әулиелерге одан кейін дәрежесіне қарай беріледі. Алла Тағалының сынақтарына сабыр қылсақ, сол істің арты біздер үшін қайырлы болатынына күмән жоқ. Аюптың(ғ.с.) өмірінен ғибрат алсақ нұр үстіне нұр болар еді.


Арабшадан аударғандар: Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары: Бекболат Зүлжаладдинұлы, Дархан Асылтайұлы.


 

Аюп пайғамбардың сабыры

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары