Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құранның шапағаты
25 қараша, 2013 жыл 945 Басып шығару нұсқасы

Құранның шапағатыПайғамбарымызға(с.ғ.с.) бір кісі келіп, я Расулалла! Мен сізге көп салауат айтамын сол айтқан салауаттарымның қаншасын Сізге(с.ғ.с) беруім керек деп сұрағанда?- Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) былай дейді: қаншасын беруді қалайсың?- төрттен бірін бердім дейді. Сонда Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) бұл сенің қалауың егер оған қоссаң сен үшін қайырлы дегенде, ол жартысын бердім дейді, бұғанда қоссаң саған хайырлы дегенде, үштен екісін бердім бердім дейді, бұғанда қоссаң сен үшін хайырлы дегенде, барлық сауабын бердім деген екен. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қиындықтарың жеңілдетіліп, күнәң кешіріледі деп жауап береді.


Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисін риуаят етеді: «Кімде-кім Алла Тағаламен кездесуді қаласа, Алла Тағаланың отбасын силасын дейді, сонда сахабалар: Я, Расулалла Алла Тағаланың отбасы бар ма?- деп сұрағанда, пайғамбарымыз(с.ғ.с.) иә, дүниедегі Алланың отбасы олар Құран оқығандар деп жауап беріп, ескерту айтты: Кімде-кім Алла Тағаланың отбасын силаса, Алла Тағала ол адамды силап жәннатқа кіргізеді, ал кімде-кім оларды қорласа, Алла Тағала оларды қорлап тозаққа кіргізеді. Ей, Әбу Һурайра! Алла Тағаланың алдында Құран жаттаған адамнан дәрежесі артық адам жоқ, Құран жаттаған адамның дәрежесі пайғамбарладан кейін тұрады деген екен»


Әнәс ибн Мәлик Пайғамбарымыздан(с.ғ.с.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) қияметте үмметімнің жақсыларын айтайын ба? – дегенде, сахабалар айтыңыз дейді Сонда Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) Құран оқығандарың дейді». Бұл хадистегі: «Құран оқығандар-олар арабшадан тәжуидпен ережесімен оқыған адамдар турасында». Қиямет күні Алла Тағала Жәбрейілге(ғ.с.) махшардағы Құран оқығандарды тұрғыз деп әмір етеді. Сол кезде Құранды жаттағандар, Алланың құзырында сап түзеп тұрады, Дәуід(ғ.с.) сапқа тұрмайынша ешкім ешнәрсе оқымайды. Сонда Алла Тағала сапта тұрғандарға кім Құранды қанша жаттаған болса, сол жерлерін дауыстап оқыңдар деп әмір етеді, сол кезде Құранды қаншалықты жаттаған болса, соншалықты дәрежесі көтеріледі. Алла Тағала айтады: Ей, менің отбасым! Сендер дүниеде кімді таныған болсаңдар, олар сендерге құрмет қылған болса, солармен бірге жәннатқа кіресіңдер деп айтады.


Әлиден (р.а.) жекен риуаятта: «Біз Пайғамбарымызбен(с.ғ.с.) бірге отыр едік, сол сәтте көшпенділердің қауымынан бір кісі келіп ассалаумағаләйкум ей Алланың елшісі және отырған жамағат деп амандасып болған соң, я, Расулалла сізден құрметпен сұрайын біз дүниені ойлап тұрып, бір рәкәғат намаз оқимыз қабыл бола ма?-деп сұрайды, сонда Әли(р.а.) орнынан атып тұрып мұндай намаз қабыл болмайды жәнеде Алла Тағала ондай намазға қарамайды деп жауап қатады. Сонда Пайғамбарымыз(с.ғ.с): Ей, Әли (р.а.) сен шын ықыласыңмен екі рәкәғат намаз оқуға шамаң келе ме? Егер әлің жетсе Мен(с.ғ.с) шамнан келген шапанымды беремін дейді. Әли (р.а.) дәретін жанартып намаз оқуға кіріседі, бірінші басын шын ықыласымен оқып шығып, екінші рәкәғатының рукуғынан көтерілген кезде ойына шамнан келген шапанынан көрі мақта шапаны маған қайырлы болар еді деген ой келеді. Намазын толық оқып бітіріп Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бұрылып Я, Расулла! (с.ғ.с.) ешбір адамның шын ықыласымен намаз оқу қолынан келмейді екен деп мойындайды. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намаздарынды оқындар, намазда дүние сөзін сөйлемендер, шындығында Алла Тағала дүние ісі араласқан намазды қабыл етпейді, намаздан кейін истиғфар айтыңдар, сендерге сүйінші айтайын Алла Тағала 100 рахмет жаратты, сол рахметті үмметіме қиямет күні таратады, қандайда бір парыз намазын оқыған болса, қиямет күні көлеңке жоқ кезде сол намазы оған көлеңке болады».


Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) айтты: «Миғраж түнінде Алла Тағалаға қонақ болғанымда, Алла Тағала Маған(с.ғ.с.) үмметім үш түрлі адамды сыйласын деп уахи етті және де осы үш адамға жапа шектіруден, қорлаудан яғни, құрмет қылмаудан сақтандыруын бұйырды.Ол үш түрлі адам: 1.Ата-ана; 2.Ғалым; 3. Құран жаттаған адам. Алла Тағала Құран жаттаған адамдарды отбасым деді, сендердің араларыңа Құран жаттағандарды жібердім, сендер оларды құрмет қылсын деп, егерде олардың жүрегінде Құран болмаса, бұл дүние жойылып кететін еді. Құран жаттаған адамдар қияметте болсын, қабірде болсын, азап көрмейді және есепсіз жәннәтқа кіреді. Жәннәт үш түрлі адамды қалап тұрады: 1. Сен(с.ғ.с.); 2.ӘбуБәкр Сыддық(р.а.) ,Омар(р.а); 3. Құран жаттаған адам екен».


Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Сендердің жақсыларың Құранды үйреніп және басқаларға үйреткендерің» деген.


Қадірменді мұсылман қауым! Алла Тағала істеген амалдарымызды қабыл қылып қадамдарымызды сауаптан қылсын!


Арабшадан аударғандар: Дархан Асылтайұлы, Бекболат Зүлжаладдинұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары