Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қас жұлатын әйелдерге былай деп ескерткен
15 мамыр, 2017 жыл 9841 Басып шығару нұсқасы

  Шариғат бойынша қас, кірпікті жұлуға болмайды. Негізі шариғат бойынша адам баласына қас жұлуға тиым салынған. Өйткені шариғатта сырт көзге әсем көріну үшін қас жұлу дұрыс емес. Алла Елшісі (с.а.у.) өзінің бір хадисінде: «Жасанды шаш кигендер мен кигізгендер және қастарын жұлғандар мен жұлғызғандар, сондай-ақ денеге сурет салғандар мен салғызғандар Алланың лағынетіне душар болады», - деген.

Десе де, «хадистегі «қас жұлмандар» деген сөз - қасты түгелімен жұлуды айтуда. Ал түгелімен жұлмай, тек қастың жан-жағын реттеуге рұқсат. Өйткені бұл да әйелдер үшін әшекейленудің бір түрі», - дейтін ғалымдар да жоқ емес. 

Бірақ бұл ретте бір нәрсені ерекше ескеруіміз керек. Егер күйеуі әйеліне «қасыңды жұлмайсың ба?» деп айтатын болса, әйел адам оның разылығы үшін қас жұлуына рұқсат. Өйткені әйелдер күйеуінің алдында әдемі болып жүруі өте қажет. «Күйеуі бар әйелге, ерінің рұқсатымен қасын жұлуына болады» дейді ғұламалардың көпшілігі. Өйткені бұл да әдеміленудің бір түрі. Әйел өзінің ері үшін әдеміленуіне болады. Ендеше отағасының өтініші бойынша қасты ретке келтіру күнә емес. Бірақ бұл жерде ниет: көпшілікке емес, жарыңызға әдемі көріну болуы тиіс.
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары