Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адамның ажалы турасында
04 желтоқсан, 2013 жыл 715 Басып шығару нұсқасы

Адамның ажалы турасында Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) айтты: Кімде-кім Маған(с.ғ.с.) таңертең 10 салауат, кешке 10 салауат айтса, Алла Тағала ол адамды қияметтің қорқынышынан аман қылып, Пайғамбарлармен және сыддықтармен бірге болады. Кағбүлахбардан риуаят етілді: «Алла Тағала аршының астында бір тал жаратқан екен, жер бетінде қанша адам болса, сонша адамның аты сол талдың жапырағына жазылған, адамға ажал келерден 40 күн бұрын сол аты жазылған жапырақ Әзрейілдің (ғ.с.) алдына келіп түседі». Сол күннен бастап аспандағы періштелер, оны жер бетінде одан кейін де 40 күн өмір сүргеніне қарамастан, марқұм деп атай бастайды. Сол пенденің не себеппен және қай жерде жаны алынатыны сол жапырақта жазылатын болады. Тағы бір хабарда былай делінген: «Аршы астынан біреуі жасыл, бір ақ тамшылардың бірі сол жапыраққа түседі». Егер жапыраққа ақ тамшы тамса, марқұмның жәннатқа баратындығына белгі. Ал егер керісінше, жасыл тамшы тисе, тозаққа баратынына хабар береді. Адамның қай жерде өлетіндігін алсақ, шындығында Алла Тағала әр туған балаға бір-бір періштеден жаратқан. Оны құрсақ періштесі деп атайды. Бала туғанда Алла Тағала құрсақ періштесіне сәбидің кіндігіне кіруге әмір етеді. Анасы мен туылған баланың кіндігі үзілмей жатып, яғни ананың құрсағының ішінде бір нүкте бар, сол нүктеде адамның қайтыс болатын жерінің топырағы бар, сол адам қай жерде болмасын, сол топыраққа қайтады.


Осыған байланысты бір хикаяда: Ерте замандарда өлім періштесі адамдарға көрінетін болған, бірде өлім періштесі Сүлейменнің(ғ.с.) қасында отырған бір жас жігітке ұзақ қарап тұрып шығып кетеді, сонда қорыққан әлгі жігіт ей, Сүлеймен(ғ.с.) желге әмір етші мені қытай жаққа апарып тастасын дейді. Ертесінде қайтып келген өлім періштесінен Сүлеймен (ғ.с.) не себепті кешегі менің қасымда отырған жас балаға қарадың дейді. Сонда өлім періштесі мен оның жанын қытайда алуым керек еді, ал ол болса сіздің қасыңызда отыр соған таң қалдым дейді. Сүлеймен (ғ.с.) әлгі баланың қиссасын айтқанда, Әзрейіл (ғ.с.) ол жігіттің жанын қытайда алғандығынан хабар береді.


Тағы бір хабарда: Әзрейіл(ғ.с.) періштенің жан алуда көмекшілері бар. Баяғыда бір адам қандай дұға қылмасын, күнге қарауға уәкіл етілген періштесін дұғасынан тастамайды. Күндердің бір күнінде күннің уәкіл періштесі Алла Тағаладан сол адаммен кездестіруін сұрайды. Содан уәкіл періште әлгі адаммен кездескенде, сен мені дұғаңда жиі есіңе аласың не қажетің бар сұра дейді: Менің қажетім сен мені өз орныңа апарып отырғыз және мен сол жерде өлім періштесінен өз ажалымның қашан екенін сұраймын. Өтінішін қабылдаған періште оны өз орнына отырғызып, Әзрейілге(ғ.с.) келіп, бір пенде өзінің ажалының қашан екендігін сұрауды аманат етті, сол жөнінде не хабар бересің дейді. Сонда өлім періштесі тағдыр дәптеріне қарап былай дейді: Ол адамның дәрежесі неткен биік ол сенің орныңа отырмайынша ажал келмейді дегенде, уәкіл періште: ол қазір менің орнымда отыр дейді. Сонда өлім періштесі: Менің көмекшілерім оның жанын алды деген екен.


Тағы бір хабарда: Өлім періштесі бір құлдың жанын алмақшы болғанда, сол құлдың рухы мені алалмайсың, Раббым саған менің жанымды алуды әмір еткен жоқ дегенде, өлім періштесі: керісінше маған әмір етілді дейді. Сонда рух, өлім періштесіне менің жанымды талап ететіндей қандай дәлелің бар және Раббым мені жаратты осы тәнге кіргізді сол кезде сен болмай тұрып, қалайша сен мені аласың деп - рух жауап береді. Сонда сөзге тоқтаған өлім періштесі Алла Тағала барып, я Раббым сенің құлыңнын жанын алайын десем менен дәлел сұрайды дегенде. Алла Тағала ей өлім періштесі! Менің құлым дұрыс айтады. Ей өлім періштесі сен жұмаққа барып бір алманы алып, сол алманы Менің құлымның рухына көрсетсең осы дәлел болады дейді. Өлім періштесі жұмаққа барып сол алманы алады, ол алмада «бисмилләһиррахманиррахим» деген жазу жазылған екен, әлгі құлдың рухына осы алманы көрсеткенде, ол құлдың рухы қуанышпен тәнінен шығады.


Құрметті жамағат! Бабаларымыздың айтуындай: "Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі". Алланың маңдайымызға жазған, осы өмірдегі уақытымыздың біткен күніне дейін иманымызды толықтырып, сонымен амал етуіміз керек. Алла тарапынан ажалымыз қашан және қайтіп келері белгісіз болғандықтан, әр мұсылман қамшының сабындай қысқа өмірде бір-бірімізді сыйласып, кешу айтысып жүру қажет. Алла Тағала барша мұсылман бауырларымыздың ғұмырын ұзағынан жазсын. Амин!


Арабшадан аударғандар Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары: Дархан Асылтайұлы, Бекболат Зүлжаладдинұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары