Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мариямның (ғ.с.) қиссасы
12 желтоқсан, 2013 жыл 463 Басып шығару нұсқасы

Мариямның (ғ.с.) қиссасыАбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисінде: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім Маған (с.ғ.с.) салауат айтушылардан болса қыл көпірден өтерде оған нұр беріледі, ал кімге нұр берілсе ол тозаққа кірмейді».


Құран Кәрімнің «Али Имран» сүресінің 35-ші аятында Мариям анамыздың шешесі жайлы хикая келген. Осы хикаядан түсінгеніміз ол кісінің өте тақуа діндар болғандығы. Себебі, ішіне біткен нәрестені Ақса мешітіне нәзір етіп қояды, яғни сол заманда еврей халқында әдет болған ұл балаларын мешітке қызметке береміз деп ант ішетін болған. Осы әдетке еріп Мариямның анасыда жаңа ішке біткен сәбиді нәзір қылады. Уақыты келіп қыз туғанда Мариямның анасы: «Я, Рабби! Сен білесің менің қыз туғанымды, қыз ұлдай болмайды, оның атын Мариям деп атап, оны және ұрпағын шайтан малғұнның айласынан сақта» - деп дұға қылады. Алла Тағала нәзірін қабыл алып Мариямның тәрбиесімен Зәкәрия (ғ.с.) пайғамбар айналысатын болады. Зәкәрия (ғ.с.) тәрбиесімен айналыспас бұрын сол мешітте жүрген қызметкерлердін ішінде талас болады, яғни Мариямды кім бағатындығы жайында. Үлкен талас болғаннан кейін, мешітте қанша қызметкер болса сонша ши алып біреуін сындырып шилердің ішіне салады. Кімде кім сол сынған шиді алса, сол қамқорлығына алатын болып келіседі. Мешіттің ішінен бір бөлек бөлмеге Мариям анамызды тұрғызып, күнделікті Зәкәрия(ғ.с.) келіп жүреді, әр кез Мариям анамызға келсе алдында қыста жаздың жемісі, жазда қыстың жемісі тұрады. Осыны көрген Зәкәрия(ғ.с.) Мариямға мына жемісті саған кім әкеліп жүр деп сұрайды. Бұл жемістер Алла Тағала тарапынан, кімге Алла Тағала қаласа есепсіз ризық береді деп жауап береді. Осындай кереметке куә болған Зәкәрия(ғ.с.) Алла Тағаладан бала сұрап дұға қылады. Намаз оқып тұрғанда Періштелер келіп: Я, Зәкәрия(ғ.с.) Алла Тағала сізге Яхия (ғ.с.) деген сүйінші хабар жіберді, ол Раббысының ризалығын тапқан пайғамбар болады дейді. Бұл хабарға сенер сенбесін білмеген Зәкәрия(ғ.с.): - Я, Раббым! менде бала қалай болады жасым болса келді, әйелімде бала туатын жастан өтті дегенде, Алла Тағала қалағанына бол дейді ол нәрсе болады деп жауап келеді. Олай болса маған бір белгі беріңіз дейді. Белгілерің үш күн сөйлей алмай қаласың, тек ишарамен қана сөйлесесін деген уахи келеді. Осы оқиғаға себеп Мариям анамыз болған. Бой жетіп бір күні намаз оқып тұрғанда адам бейнесіне еніп Жәбрәил(ғ.с.) келеді. Қатты қорыққан Мариям Құдайдан қорықпайсынба, жамандығыңнан Раббыма сиынамын деп бойын аулақ салады. Мен саған Раббымыз тарапынан келдім таза бір бала сыйлау үшін дейді. Бала маған қайдан келеді еркек атауы жаныма таянған емес дегенде, Жәбрәил(ғ.с.) Раббымызға бәрі оңай, ол адамдарға бізден бір мейірім ретінде жіберіледі деп жауап беріп, Мариямның жүзіне үргенде сол мезетте аяғы ауыр болып, адамдар жоқ жерге қашып шығып кетеді. Өзен жағасындағы құрма ағашының түбіне барып бұрын өліп қалғанымда ғой ешкім мені есіне алмас еді деп көп уақыт жылайды. Босанғаннан кейін жерден дауыс келіп қайғырма, құрмадан жеп мына өзен суынан іш, жәнеде бір адамдарға жолықсан не деседе жауап берме сөйлеме, бүгін сөйлемеуге Алла атымен ант іштім де. Қауымына баламен келгенде адамдар: «Я, Һарунның қарындасы! Әкеңде, анаңда жаман адамдардан емес, анаң жеңіл жүрісті емес еді» дегенде, баласына ишара етеді осымен сөйлесіндер дегендей қылып. Қауымы бесікте жатқан баламен қалай сөйлесеміз деп Мариямға тап бергенде бесікте жатқан бала дауыстап, «Мен Алланың құлымын маған кітап берілді, яғни інжіл және Раббым мені пайғамбар қылды. Мені қайда болмасамда берекелі қылып қанша уақыт тірі болсам намазбен зекетті парыз етті, анама құрмет қылушы, залым жәбірлеушілерден қылмады. Алланың сәлемі мен туған, өлген және қайта тірілген күнге болсын» дейді. Бұл Иса ибн Мариям еді. Біраз уақыт қауымының ішінде тұрған Мариям анамызды Иса(ғ.с.) ел басып бармайтын тауға алып кетеді. Ол жерде екеуі күндізін ораза түнін намазбен өткізеді. Ауыз ашарлары талдың жемісі мен жапырақтары болады. Бір күні Иса(ғ.с.) жейтін ештене таба алмай жазыққа, яғни ел ішіне келеді. Иса(ғ.с.) кеткен уақытта өлім періштесі келіп Мариям анамызға сәлем береді. Қатты қорқып кеткен Мариям анамыз кімсін сенін даусыннан денем түршігіп, ақылымнан айрыла жаздадым дейді. Мен үлкенге үлкен деп құрмет көрсетпейтін, кішіге кіші деп мейірім қылмайтын жан алушы періштемін, сонда Мариям анамыз маған зиярат етіп келдінбе әлде жанымды алуға келдінбе деп сұрайды. Өлім періштесі дайындал жанынды алуға келдім дейді. Мариям оған маған балам келгенше мұрса бер деп өтінгенде, маған ондай әмір берілген жоқ дегенде, онда жанымды ала бер Аллаға бой ұсын дейді. Құптанның бірәз уақыты өтіп кеткеннен кейін Иса(ғ.с.) қайтып келіп анасының ұйықтап жатқанын көреді. Намазын оқып алып дем алып жатқан шығар деп ойлайды. Тамақты әзірлеп анасына: - Анашым, ауызашар дайын болды тұрмайсызба? - деп щақырады. Үндемеген анасына жаны ашып дем алсыншы деп өзіде тамақтан ауыз тимей құлшылығына кіріседі. Таң намазының уақыты кіргенде тағыда анасына: - Анашым, парыз уақыты кірді тұрмайсызба? - деп жақындаса, анасы бұл дүниеден өтіп кеткенін көріп дауыстап жылағанда періштелерде және жанындағы жындарда қосылып жылайды. Сол кезде Алла Тағала, періштелерге: - Сендер не себептен жылап жатсындар? - дейді. - Я, Рабби! сен білесің біздің жылаумыздын себебін. Сонда Алла Тағала білемін және Мен рахымдылардың рахымдысымын дейді. Исаға (ғ.с.) дауыс келеді: - Мынау не қайғы, анан қайтыс болсада саған үлкен сауап берілді, көтер басынды дегенде, Иса(ғ.с.): - Маған жалғыздығыма серік, құлшылығыма көмекші еді - деп жылайды. Сол кезде Алла Тағала тауға Исаға(ғ.с.) насихат айт дейді. Тау Исаға(ғ.с.) Алла Тағаламен өзіңнің арасына адам қоясынба дегенде Иса(ғ.с.) тоқтап таудан түсіп ел ішіне келіп анасын жуындырып кебіндейтін адам іздегенде ешкім ол тау ішіне баруға келіспейді. Амалы таусылған Иса(ғ.с.) қайтып келсе екі жас жігітке жолығады. Біреуі Жәбрәил екіншісі Микәил періштелер болып шығады. Қолдарында Алла Тағала тарапынан келген кебінмен хош иістері бар. Жәннәттан Хор қыздары түсіп жуындырып кебіндейді. Жаназасын шығарып сол таудың басына жерлейді. Иса(ғ.с.) қәбірінің жанына келіп: - Я, Рабби анам қалай қайтыс болғанын көрмедім маған онымен сөйлесуге рұқсат беріңіз - деп дұға қылады. Алла Тағала рұқсат қылғаннан кейін қабіріне келіп «анашым қалын қалай? Раббым қалай қарсы алды сізді? - дегенде, қабірден анасы: «Көзімнің қарасы, жүрегімнің рахаты! Раббым, күнәмді кешіріп жақсы қарсы алды маған разы болды» - дейді. «Өлім деген қандай екен деп сұрайды, өлімнің ащы дәмі әлі тамағымнан кеткен жоқ» - деп жауап беріп «қияметте кездескенге дейін» - деп қош айтысады.


Құрметті бауырлар! Бізгеде бір күн ажал келері шындық, сол ажал келгенде Иемізге қандай азықпен баратынымызды қазірден ойлап, Мариям анамыздай құлшылық қыла алмасақта, тырысайық!


Арабшадан аударғандар Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары: Дархан Асылтайұлы, Бекболат Зүлжаладдинұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары