Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Азан мен намаз арасы
12 желтоқсан, 2013 жыл 469 Басып шығару нұсқасы
 

Азан мен намаз арасыЖасы үлкен қариядан немересі сұраған екен: "Ата! Бір адамның өмірінің мерзімі қандай?" Қария күлімдеп: "Азан мен намаз арасындағы уақыт, балам" дегенде, немересі: "қалайша, өмір осыншалықты қысқа ма не?" деп сұрайды. Атасы: "иә, балам. Өмір, намазсыз азан мен азансыз намаз арасындай" дейді. Немере қайта таң қала сұрайды: "намазсыз азан мен азансыз намаз дегеніңіз қалай? түк түсінбедім" дегенде, атасы немерені қолға алып: "ботақан, өткенде көршіміздің баласы туылды. Сәбидің құлағына азан айтылды есіңде ғой? Ал ол азанның намазы оқылды ма? Жоқ. Ол азан "намазсыз азан" болатын. Адам өлген кезде оқылатын намаздың (жаназа намазы) болса, азаны болмайды. Ол "азансыз намаз". Өйткені ол намаздың азаны адам туылған кезде оқылып қойылған.





Қарағанды облыстық орталық мешітінің


баспасөз хатшысы


Райымбекова Ақерке

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары