Қасиетті ораза мерекесі Теміртау қаласына құт болып келді. Қаладағы орталық мешіт басшылығы ораза қарсаңында «1 күнде 3 акция» атты қайырымдылық шарасын өткізді. Мешіт имамдары оразаның алғашқы күні жергілікті тұрғындарды рамазан айының келуімен құттықтап, қаладағы ірі сауда үйлерінің алдында тегін құрма таратты. Сондай-ақ, «тегін такси», «тегін автобус» акциясы негізінде қала тұрғындары діттеген жерлеріне ешқандай ақы төлемей еркін жетіп алды. Қараша халыққа осындай ұлық мерекені насихаттауды қолға алған орталық мешіттің бас имамы Абдрахманов Ысқақ Рахымжанұлы орталық мешіт пен қаладағы ескі мешіт жамағатына алғыс білдіреді. Өйткені жамағат жамылып 20-ға жуық таксимен халықтың ұлты мен дініне қарамай қажетті мекен жайына тегін жеткізді.
Абзахан Садырбекұлы
такси жүргізушісі:
Сондай-ақ, демеушілердің көмегімен қаладағы №5 автобусы да бір күн бойына жолаушыларды тегін тасымалдаған. Алланың рақымы мен мейіріміне бөлетер рамазан айы осылайша Теміртау тұрғындары үшін үлкен қуанышпен басталды.
Қазір қаладағы барлық мешіттерде, соның ішінде орталық мешітте ауызашар беріліп, қарилер Құран хатым етуде. Теміртау қалалық орталық мешітке арнайы шақыртумен Мысыр елінің Али Асқар университетінде тәлім алып жатқан қарилар Омар Әйбекұлы мен Абдумалик Мұратұлы келіп, Құран хатым етуде.
Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы
Теміртау қалалық орталық мешіттің бас имамы:
Бүгінде барша мешітте қалың жамағат тарауих намазына жиналып, Алла алдындағы құлшылығын арттырып жатқаны мақтан тұтарлық жағдай. Иманы кәміл, көңілі бейбіт елдің болашағы зор болмақ!
Алла барша мұсылманның тұтқан оразаларын, жасаған дұғаларын қабыл етсін деп тілейміз.
Теміртау қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер