Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұндай күлкіге тиым салынған
23 сәуір, 2018 жыл 1260 Басып шығару нұсқасы

Көп күлу

Сұрақ: Көп күлудің зияны бар ма?

Жауап: Күлімдеу, жылы жүзді болу өте жақсы. Қарқылдап күлу мәкрух. Бірнеше хадис шәрифтің мағынасы:

«Егер Жаннат пен Жаһаннамды көргендеріңде, аз күліп көп жылайтын едіңдер.» (Мүслим)

«Егер менің білгендерімді білгендеріңде, аз күліп көп жылайтын едіңдер.» (Бұхари)

«Көп күлу жүректі өлтіреді және мүминнің қадірін түсіреді.» (Тирмизи)

«Аллаһу та’аланың өзінен разы болған болмағанын білместен қарқылдап күлген адамға таңдануға болады.» (Ә.Нуайм)

«Мешітте күлу – қабірде қараңғылық болмақ.» (Дәйләми)

Бір аяти кариманың мағынасы:

«Аз күліп, көп жыласын!» (Тәубе 82)

«Расулуллаһ хазреті Микаил періштенің күлмеуінің себебін хазреті Жәбірейілден сұрайды. Ол: «Жаһаннам жаратылғаннан бері мүлдем күлмеген» деп жауап береді». (И.Ахмед)

«Көп күлетін адамның құрметі азаяды, көп қалжыңдасатын адамның қадірі кетеді». (Хазреті Омар)

«Өмірімде бір рет күлдім, соған қатты өкінемін». (Имам Ағзам)

«Төрт нәрсемен мүминді күлуден бас тартқызу керек: Ахырет істері, күнкөріс дерті, күнәлар беретін қиындық, апаттардан келетін қасірет». (Яхийа бин Муаз)

Хасан Басри хазреттері де қарқылдап күлген жас жігітке, «Балам, бұлай күлетіндей Сыратты өттің бе, әлде жаннатқа кіретіндігіңе кепілің бар ма?» деген. Сол жас жігіттің екінші рет бостан босқа күлгені байқалмаған.

Үш нәрсе жүректі қатайтады:

1) Себепсіз күлу,

2) Қарны ашпай тұрып тамақ жеу,

3) Орынсыз сөйлеу.

Мына бес нәрсені ойлайтын адам да қарқылдап күле алмайды:

1) Істеген күнәларын ойлаған кезде, уайым ішінде болады, күле алмайды.

2) Жасаған жақсы амалдарының қабыл болғанын білместен күлуі дұрыс болмайды.

3) Болашақта не істейді, жағдайы қандай болады екен, деп ойланатын адам уайым ішінде болады.

4) Жаннат пен тозақтың қайсына баратындығын білмейтін адамның мұңаюы керек.

5) Аллаһу та’ала өзінен разы ма, әлде ашулы ма?

Осыларды ойлайтын адам қалайша қарқылдап күле алады? (Тәнбих-ул ғафилин)

 

Күліп күпірге түсу

Сұрақ: Кейбір надандар қалжыңдап, «Мен ұстаздарың баратын жаннатқа емес, артистердің, биші қыздардың ән айтып билейтін тозағына баруды қалаймын» деп күледі. Осылай айтқандарға күлген адам да кәпір болады ма?

Жауап: Тозақ – ойнап-күлетін жер емес, қатты азап тартатын жер. Діннің бір әмірін осылай мазақ ету күпірге жетелейді. Өз қалауымен бұған күлген адам күпірге түседі. Яғни кәпір болады. Өзі қаламай күлетін болса, күпір болмайды. Дінді мазақ қылатындар, күліп күнә істейтіндер жазаларын ахыретте әлбетте көреді. Хадис шәрифте былай делінген:

«Күліп күнә істеген адам, жылап тозаққа түседі.» (Әбу Нуайм)

Имансыздардың мазақ еткеніндей, тозақ ойнап-күлу жері емес, залымдардың, опасыздардың қатты азап көретін жазаларын тартатын жері. Жаһаннамның қорқынышты жер болғаны соншалық, тіпті күнәсіз болған періштелер де оның үрейінен қорқады. Пайғамбарымыз Жәбірейіл алейһиссаламды қайғыға түскенін көріп, себебін сұрайды. Ол, «Жаһаннамның сондай ыстық алауын көрдім, оның әсерінен әлі өзіме келе алмай жатырмын» деп жауап береді. (Табарани)

 

asylsoz.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары