Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Көзбояушылық
20 қыркүйек, 2018 жыл 644 Басып шығару нұсқасы

Мешітте ешкім жоқ кезде келіп, намазға тұрды. Намазды әдеттегідей тездетіп бітіріп, ниеті басқа жұмыстармен кету ғана. Екі ракааты тез оқып бітіргені сол еді, мешітке біреудің кіргенін естігендей болады. «Келген адам намазды тез оқығанымды көрсе, мен туралы жаман ойлап қалатын болды ғой» деп, қалған екі ракааттын бар ынта мен назарын салып оқиды. Сәлемін беріп, намазын бітіреді. «Әдемі намазын оқыдым, келген кісіден ұят болмайтын болды» деп өзіне риза, басын есік жаққа бұрып қараса, есіктен оған адам емес, иессіз иттің қарап тұрғанын көреді. Намазды расында да әдемі оқыды, бірақ онысын жалғыз көрермені болған ит үшін оқығанын түсінеді.

 

 

 

 

Қарағанды облыстық орталық мешітінің

 

 

баспасөз хатшысы: Райымбекова Ақерке

 


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары