Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ит пен мысықтың хикаясы
05 ақпан, 2014 жыл 934 Басып шығару нұсқасы

Ит пен мысықтың хикаясыУаһб б. Мүнеббихтің (р.а.) былай айтқаны айтылады:
Дауыл болған кезде Нұх (а.с.) кемеге мінді, өзімен бірге әр
жыныстан бір жұптан алды. Қандай жан-жануар бар болса, соның барлығын алды. Сол кезде оларға кеменің ішінде тумаулары үшін жұптасуға тыйым салынған болатын, өйткені кеме оларға тар болатын еді. Бірақ ит бұл тыйымға шыдай алмай жұптасты. Иттің бұл жұптасуын мысық көріп, Нұх (а.с.) пайғамбарға айтты. Нұх (а.с.) итті шақырып айыптады. Бірақ ит істеген ісін мойындамағаннан кейін, оны босатып жіберді. Ит сол істі тағы қайталады, мысық оны тағы да көріп, жағдайды Нұхқа (а.с.) айтып берді. Нұх (а.с.) итті шақырып, айыптады бірақ ит жасаған қылығын мойындамауға тырысты. Ит мойындамағаннан кейін, мысық былай айтты:
Әй, Алланың пайғамбары, мен оның осы істі істегенін көзіммен көрдім.
Аллаға дұға етсең, оның белгісін саған көрсетеді, көздеріңмен көресің.
Нұх (а.с.) бұл кезде Алла Тағалаға дұға етті. Ит тағы да жұптасты. Соңында бұл іс өзіне қиын болды, бір-бірінен ажырай алмайтындай, жабысып қалды. Бұны көрген мысық бірден Нұх (а.с.) пайғамбарға барып жағдайды айтып берді. Нұхта (а.с.) оларды осындай бір жағдайда көрген соң, ит ұялып, былай дұға етті:
Иә, Раббым, мысықты жұптасқан кезінде ел көзінің алдында дәл біз
ұялған сияқты, ұятқа қалдыр.
Алла Тағала иттің дұғасын қабыл етті. Сондықтан мысық жұптасып жатқан кезде мияулап бақырады, барлық ел оның не істеп жатқанын түсінеді. Оның осылай масқара болуы иттің құпиясын ашыққа шығарғаны үшін болған. Адамзаттың да жағдайы осыған ұқсас. Осы дүниеде бір мүминнің құпиясын шығарған кезде, қиямет күні Ұлы Алла Тағала оның құпиясын ашыққа шығарады.


«Дурратул уағизин» кітабынан үзінді





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары