Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Хазрет Омар мен өрмекшілер
08 ақпан, 2014 жыл 525 Басып шығару нұсқасы

Хазрет Омар мен өрмекшілер




  • Достар! Мына келе жатқан Хаттабұлы Омар емес пе?

  • Иә, дәл өзі. Қатты ашулы сияқты.

  • Қылышын асынып сақадай- сай сайланып алыпты. Ниеті түзу емес-ау, шамасы.

  • Қараңдар, Пайғамбарымыз бен мұсылмандар жасырын ғибадат жасайтын Әркамның (р.а.) үйіне қарай бара жатыр.

  • Жол жөнекей алдынан Нуайм (р.а.) шықты. Не сөйлесер екен, естуге қатты құмартып тұрмын. Келіңдер, желге мініп жанына барайық.


Өрмекшілер жиналып үлкен бір тастың үстіндегі бос жерлерге ұя салып жатыр еді. Міне, осындай қызу жұмыс үстіндегі өрмекшілер, мүшріктердің яғни Аллаға серік қосушылардың қатарындағы Омарды алыстан байқап қалған болатын.

Бүгіндері Меккедегі мұсылмандардың саны күн өткен сайын көбейіп келе жатыр. Мүшріктер бұған жол бермеу үшін барын жасаса да, еңбектері зая кетуде. Тағыда жиналып алып, мұсылмандарға не істеуге болатынын ақылдасып отыр. Кенет Әбу Жаһил Аллаһтың елшісі Мұхаммедті (с.а.с.) өлтіруді ұсынды. Отырғандар тегіс құптады. Дегенмен, бұл қиын істі атқаруға ешкім батылдық таныта алар емес. Өрмекшілер олардың не сөйлескендерін естігілері келді. Сол үшін аяқтарын жинап ала қойды да, жел мен бірге домалап ұша жөнелді. Бірнеше минут өтер-өтпес Омар мен Нуайм (р.а.) кездескен жерге жақын шидің түбіне келді. Шидің түбюінен екеуінің әңгімелерін тыңдай бастады. Ислам дінін қабылдаса да, онысын жасырып жүрген Нуайм (р.а.):

  • Уа, Омар! Жол болсын! Қайда бара жатырсың? - деп жөн сұрады.

  • Пұттарды тастап, Құрайыш халқы арасында іріткі салып, халықты бөлуге тырысып жүрген Мұхаммедті өлтіруге бара жатырмын.


Нуайм (р.а.) Омарды бұзық ниетінен қайтаруға тырысты. Мұны байқаған Омар:

  • Сен де мұсылмандарға жақтасып жүрсіңбе? – деп Нуаймның (р.а.) жағасына жабысты.

  • Уа , Омар, сен мені қоя тұр, әуелі өз туыстарыңа қарасаңшы. Қарындасың Фатима мен күйеу балаң екеуіде мұсылман болды. Бар алдымен соларды тәртіпке салып ал.


Өрмекшілер сыбырласып сөйлесе жөнелді:

  • Омар таңғалып тұр.

  • Енді не істер екен?

  • Қараңдар, қарындасының үйіне бара жатыр. Шіркін, бізде бара алсақ қой.


Омардың туған қарындасына не істейтінін білгісі келген өрмекшілер Фатиманың үйіне бару жолдарын қарастыра бастады. Фатиманың үйіне қалай баруға болады, ә? Жел тоқтағандықтан, желмен домалап барар мүмкіншілік жоқ. Тек жаяу жүріп бара алады.

Бірақ бұлда ұзақ уақыт алатындықтан, бұлар жеткенше, оқиға бітіп қоюы мүмкін. Дәл осы кезде араларынан біреу:

  • Қараңдар – деді – біз паналаған шидің түбіндегі өрмекші Тарантула емес пе?

  • Иә, сол ғой. Өтініш жасасақ бізді апарып тастамас па екен? Қанша деген мен адамның жұдырығындай үлкендікте ғой? Мүмкін тез жетерміз.

  • Айтқаның дұрыс –ақ. Бірақ ол бос емес сияқты ғой. Қарасаңшы көйлегін ауыстырып жатыр. Өрмекшілер шидене түсіп, бәрі бірауыздан:

  • Тарантула! Тарантула! – деп айғайлады.Тарантула соңғы аяғын ескі қабығынан шығарып жатып.

  • Мына жерге қысылып қалыппын. Түу, өкпемді қысып жіберді ғой, - деп өзінен өзі сөйлеп жүр. Кішкентай өрмекшілердің бірдеңе деп жатқанын байқаған Тарантула:

  • Не болды балалар? – деді, Неге барлығың әбігерленіп жүрсіңдер?


Өрмекшілер көргендерін жарыса айтты. Сөйтті де:

  • Сен өте жылдам жүре аласыңғой, бізді Фатиманың үйіне апаршы - деп жалынды.


Тарантула біраз шаршап тұр еді, бірақ ол да қызығып кетті:

  • Жарайды, кәне үстіме тез мініңдер. Кеш қалып қоймайық, Омар Фатиманың үйіне жетейін деп қалды, -деп өрмекшілерді асықтыра бастады.


Фатима ағасы Омар келгенін байқап, оқып отырған Құран парақшаларын дереу тығып үлгерді.

Омар ашумен:

  • Оқып жатқандарың не нәрсе? – деп сұрады.


Күйеу баласы:

  • Қолымызда ештеңе жоқ. Әншейін екуміз әңгімелесіп отырмыз, - деді.


Омар күйеу баласының жағасынан ұстап алып ұрды. Араша түспек болған Фатиманы шапалақпен салып жіберді. Омардың соққысынан Фатима жерге ұшып түсті. Барлық өрмекшілер ауыздарын ашып қарап қалыпты.

Фатима орнынан тұрды да әкесіне тіке қарап:

  • Уа, Омар, мейлі қолыңнан келгенді істе. Мен де, күйеуім де мұсылманбыз. Аллаға және елшісіне иман келтірдік, -деді де, сол жерде шахадат кәлимасын тағы да қайталады.


Омар не істерін білмей, сасып қалды. Қарындасына:

  • Оқып жатқан нәрселеріңді алып келші, Мұхаммедке (с.а.с.) не түскенін байқап көрейін, - деді.


Фатима:

  • Оны тек таза адамдар ғана ұстай алады. Алдымен тазаланып кел, - деді.

  • Омар орнынан тұрып, жуынып келді. Фатима оған Құран парақшаларын тыққан жерлерінен алып берді. Омардың оқып-жаза аларлық сауаты бар-тұғын. Қолына алған сүрелерді оқи бастады:


«Та-һа, біз саған Құранды машақат үшін түсірмедік. Бірақ қорыққан кісіге насихат үшін түсірдік. Ол жер мен биік көктерді жаратқан. Жаратушы тарапынан түсірілді». Омар оқыған сайын терең ойға батты. Оқығандары оған қатты әсер етіп жатыр. Ол одан әрі оқи түсті:

«Расында да, Алла Менмін. Менен басқа Тәңір жоқ. Маған құлшылық ет және мені еске алу үшін намаз оқы!».

Омар бұдан әрі таңданысын жасыра алмай:

  • Ғажап, қандай терең мағыналы сөздер! Сірә, бұдан артық болмас! – деді.

  • Омардың осы сөзін естіген Құран үйретуші Хаббаб жасырынған жерінен шықты да:

  • Сүйінші, уа Омар! – деді, - Алла Расулының (с.а.с.) жасаған дұғасы қабыл болды-ау деймін. Ол кеше түнде «Аллаһым, Ислам дінін Әбу Жаһил немесе Омар арқылы күшейте гөр » - деп дұға еткен.


Омар Расулаллаһтың (с.а.с.) қайда екенін сұрады. Әркамның (р.а.) үйінде екенін ести сала, дереу жолға шықты.

Өрмекшілер де қайтадан Тарантулға мініп, Омардың артынан ілесті. Өрмекшілер жол-жөнекей өзара әңгімелесіп келеді.

  • Омар мұсылман болу үшін бара жатыр.

  • Құдайдың ісіне қараңдар, жаңа ғана адмзаттың асылы Мұхаммедті (с.а.с.) өлтіру үшін іздеп жүрген Омар енді оған бағынып, мойынсұнуға асығуда.


Осы кезде үнсіз келе жатқан Тарантула сөзге араласты:

  • Білесіңдер ме, балалар, егер Омар мұсылмандықты қабылдаса, онда басқа мұсылмандар құлшылықтарын еркін атқара алатын болады.

  • Неліктен?

  • Өйткені ол өте күшті әрі өте батыр адам. Мүшріктер оған қарсы келуге қорқады.


Өрмекшілер Омар мен Нуаймға ілесе алмай артта қалып қойды. Кешіріңкіреп келген өрмекшілер бір бұрышқа орналасып, үйдегілерді тамашалай бастады. Араларынан біреуі:

  • Қараңдар, қаруын асынып келген Омарды көрген сахабалар аздап үрейленді.

  • Бірақ Расулаллаһ (с.а.с.) күлімсіреп отыр. Не деп жатқанын ести алдыңдар ма?


Өрмекшілер құлақ қойып, тыңдай қалды. Расулаллаһ (с.а.с.) салмақты қалпын бұзбастан сахабаларына:

  • Қорқатын дәнеңе жоқ, келсін. Алла оны мүмкін дұрыс жолға салайын деген шығар, - деді.

  • Пайғамбарымыз рұқсат бергендіктен сахабалар есікті ашты. Омар ішке кірді. Жүзі ерекше жарқырап тұр ма, қалай? Бір мезет Расулаллаһтың (с.а.с.) жүзіне қарап ойланып тұрды.

  • Неге келдің, уа, Хаттабұлы Омар, деп сұрады Расулаллаһ (с.а.с.).

  • Омар:

  • Аллаһ пен Расулына, сондай-ақ Ислам дініне иман ету үшін келдім,- деп жауап берді.


Отырғандар барлығы бұған қатты қуанды. Бәрі де бір ауыздан тәкбір айтып, қуаныштарын білдірді:

  • Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!

  • Омар мұсылман болды!

  • Мүшріктер бұл хабарды естігенде не істер екен?

  • Қараңдаршы, иман еткен Омар қобалжып орнында әрең тұр.


Омар (р.а.) сұрады:

  • Уа, Расулуллаһ Біз өлсек те, өмір сүрсек те, біздің дініміз хақ емес пе?

  • Иә, Алла атымен ант етемін, өлсек те, өмір сүрсек те біздің дініміз хақ.

  • Олай болса, неліктен әлі жасырынып отырмыз? Сен хақ дінді таратушы етіп жіберілген Аллаға ант етемін: бүгіннен бастап қорықпай, тартынбай,батыл түрде мүшріктердің арасына барып, ислам дінін жаямын.


Осылайша, алдыда Расулулаһ (с.ғ.с.) оң жағында Омар (р.а.) сол жағында Хамза (р.а.) артында сахабалар Әркамнің (р.а.) үйінен шықты. Олар Қағбаға бара жатыр еді. Өрмекшілер де олардан қалмай, ілесіп келеді. Олардың өз араларындағы әңгімелері таусылар емес.

  • Мүшріктер енді не істер екен? Омар мұсылман болып қайтады деген ой олардың түсіне де кіріп шықпаушы еді.

  • Не істерлерін білмей мең-зең болып қалды.

  • Жүздерінен қорыққандары байқалады.

  • Араларынан біреуі: «Уа, Омар! Қандай жаңалығың бар, қасына ертіп алғандарың кімдер?» - деп сұрады. Естідің бе?

  • Омар не дер екен?


Омар:

  • «Лә иләһә иллаллаһ, Мұхаммадур расулуллаһ» - деген жаңалықпен келдім. Ешкім орнынан қимылдамасын, - деді.


Мүшрікердің тілдері күрмеліп қалды.

Расуаллаһ Қағбаны тауап жасап, намаз оқыды. Мұсылмандар да ашық түрде намаз оқыды. Міне, сол кезде Алла елшісі (с.а.с.) хаһ пен жалғанның ара жігін анық ашып бергені үшін хазірет Омарға «Фаруқ» деп ат қойды.

Балқаш теміржолшылары мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары